» » "Мектепке жол" – мейірімділік акциясы

"Мектепке жол" – мейірімділік акциясы

БҮГІНДЕ ЕЛІМІЗДЕ КӨП ЖЫЛДАР ҚАТАРЫНАН ТОҚТАУСЫЗ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН, ИГІЛІККЕ БАС­ТАЙТЫН АКЦИЯЛАР КӨП. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАСТАЛАР УАҚЫТТА АЗ ҚАМТЫЛҒАН, КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА ЖОМАРТ ЖАНДАР КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАТЫН «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ. ОНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ТОЛЫҚТАЙ ОҚУМЕН ҚАМТЫЛУЫН БАҚЫЛАУ, ОЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ СЕБЕПСІЗ КЕЛМЕУІНІҢ АЛДЫН АЛУ, ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА, АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА, КӨПБАЛАЛЫ, ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРЫНА НАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ. АЛ АКЦИЯНЫҢ АЛҒА ҚОЙҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – БАРЛЫҚ БАЛАНЫ МІНДЕТТІ ОРТА БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
«Қолы ашықтың – жолы ашық» деген нақылды ұстанып, акцияға жыл сайын белсенділік танытып, демеуші болатын жандар біздің ауданда да жетерлік. Бірақ басым көпшілігі жасаған жақсылығын көпшілікке жария еткенді қош көрмейді.
– Мұндай акцияға өз үлесіңді қосу ел болашағына құйылған инвестиция деп білемін. Себебі біз келешектің тұтқаларын қатарынан қалмай білім алсын деп қол ұшын созудамыз. Ұрпақ білімді болғанда ғана озық елдермен теңесе алмақпыз. Шын мұқтаж жанға бір қалам мен дәптер әкелсең де көмек. Мұндай акциядан қолында мүмкіндігі бар барша жанның аянып қалмағаны абзал. Себебі ата-ананың алғысы мен бала көңілдің қуанышы жаныңды жадыратпай қоймайды, – дейді демеушілер.
Бір айта кетерлігі, былтырдан бері акцияның өткізілу форматы өзгерген. Бұрындары көмекті қажет ететін отбасылардың тізімі жасақталып, демеушілерге берілетін. Олар мүм­кіндігінше қажетін толықтыруға тырысса, қазір талап өзгеше. Бұл жөнінде білім бөлімінің мамандарынан сұрап білдік.
– «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін. Тек өткен жылы елдегі пандемияға орай өзгерістер орын алды. Биыл да акцияға үлес қосу сол форматта жүргізілмек. Онда көмекті қажет ететін оқушының ата-анасы немесе қамқоршысы «atameken» порталына өтініш қалдыруы керек. Осы портал арқылы кәсіпкерлер өзі демеушілік жасайтын отбасыны таңдап, көмек қолын созады. Мектепке қажетті құралдар мен киімдер жыл бойы тұтынатын дүние. Сондықтан да портал арқылы көмек көрсету жыл көлемінде жүргізіледі. Ал ерікті түрде көмек көрсетем деушілерге қашанда рұқсат. Осындайда баланың болашағын ойлайтын жүрегі жомарт, қолы ашық мәрт азаматтардың көптігі көңіл қуантады, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА

14 тамыз 2021 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031