» » Covid-19: әлемдегі жай

Covid-19: әлемдегі жай

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 миллионнан асқан. Бұл жайында американдық Джонс Хопкинс университеті хабарлаған болатын. Ал «delta» нұсқасының тез таралуы коронавирустың да таралу жылдамдығын одан әрі үдете түсті. Қош. Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қандай?
Сарапшылар жаппай иммунитет көтеру пандемияның таралу жолын бұғаттап, өлім-жітімнің алдын алуға септігін тигізеді дейді. Алайда барлығына бірдей вакцина жеткіліксіз. Reuters атап өткендей, әлем халқының кем дегенде 2,6 проценті коронавирус жұқтырған. Егер барлық жағдайды бір елден шықты деп санасақ, онда ол әлемдегі халық саны бойынша сегізінші мемлекетке айналатын еді.
Университеттің мәліметінше, бүкіл әлемде коронавирустан 4,2 миллионнан астам адам қайтыс болған. Бірақ осы жылдың мамыр айында Вашингтон университетінің ғалымдары әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар туралы ақпарат екі есе аз болу мүмкіндігін алға тартып отыр.  Мәселен, бір жыл ішінде 100 миллион адамның вирус жұқтырғаны анықталған болса, келесі алты ай ішінде тағы жүз миллион адам ауырып қалған. Сондай-ақ, вирус қазір әлемнің кедей елдерінде белсенді түрде таралып жатқанын айта кеткен жөн. Реутерс агенттігінің мәліметінше, апталық жағдайлардың ең көп саны АҚШ, Бразилия, Индонезия, Үндістан мен Иранда тіркелген. Бұл елдердегі жұқтыру саны күнделікті жаңа жағдайлардың шамамен 38 процентін құрайды. Қызығы сол, АҚШ-та жұқтырғандардың көбі вакцина алмаған адамдар арасында кездескен.
Бұл жағдайға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бай елдер әлі де өз азаматтарына үшінші вакцинаны салмауы керек, себебі дамушы елдер де қажетті дәрі-дәрмектерді алып, халықтың кем дегенде 10 проценті вакцинациялануы тиіс екенін айтуда. Кей елдер, мәселен, Германия, вакцинацияның үшінші толқынын күзде бастағысы келеді, алайда ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейсус мұны қате деп санайды.
 – Мен барлық ел үкіметтерінің өз азаматтарын «дельта» нұсқасынан қорғауға деген ұмтылысын түсінемін. Бірақ біз вакцинаның әлемдік қорының онсыз да көп бөлігін алған мемлекеттер бұдан да көп мөлшерде алуы керек дегенмен келісе алмаймыз, – дейді Гебрейсус.
Strategy2050.kz аналитикалық порталының мәліметінше, Ресейде карантиндік шектеулердің көпшілігі алынып тасталған. Бірақ соңғы апталарда мұнда күн сайын 20-дан 25 мыңға дейін жағдай және 800-ге жуық өлім тіркелуде.
Ал Ұлыбритания әлемнің бірнеше елдерінен елге кіру ережесін сәл өзгерткен. Арнайы қонақ үйлерде оқшаулануы тиіс мемлекеттердің «қызыл тізіміне» басқалармен қатар Грузия мен Мексика кіреді. Бұл ретте Аустрия, Германия, Словения, Словакия, Латвия, Румыния мен Норвегия «жасыл тізімге» енгізілді, ол ең қауіпсіз деп саналады. Көптеген британдықтар үшін ең бастысы Францияның мәртебесінің өзгеруі маңызды болды, Франциядан келгендерге енді оқшауланудың қажеті жоқ.
Президент Джо Байден әкімшілігі АҚШ-қа толық вакцина алған шетелдіктер ғана кіре алатын ережені енгізбекші. Мұндай шаралардың қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз. Әзірге американдық билік «дельтa» нұсқасының таралуына байланысты елге кіруге тыйым салып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейсус вакцина алғандар саны артқанына қарамастан, әлі де коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты нақты қауіп бар. «Вакцина алғандар санының көбеюі жақсы нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізді. Бірақ коронавирус әлі де әлемге нақты қауіп төндіріп тұр» деді Гебрейсус.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы түсіндіргендей, COVID-19 оқиғаларының санының артуы адамдардың әлеуметтік байланыс жасаудағы шектеулерді сақтамауынан, денсаулық сақтау жүйелерінің біркелкі жұмыс істемеуінен және вакцинациялану жылдамдығының біркелкі еместігіне байланысты болып отыр.
Айта кеткен жөн, жақында ғана Гебрейсус қыркүйектің соңына дейін ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды.
Айнұр ӘЛИ
10 тамыз 2021 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031