» » Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 400 мыңнан асты

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 400 мыңнан асты

 Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 400 мыңнан асты. 7 маусым күнгі мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандар 7 миллионнан асқан. Латын Америкада әлі індеттің беті қайтқан жоқ және халық тығыз шоғырланған Үндістан мен Индонезияда жаңа науқастар көбейген.
Коронавирус ошағы дамушы елдерге қарай ойысып жатыр, ал Шығыс Азия және Еуропада COVID-19-бен байланысты адам өлімінің азайғаны байқалады. Еуропаның көптеген мемлекеттері экономиканы дамытуды қолға алып, шекараларын біртіндеп ашуға талпынып жатыр.
6 маусымда Үндістанда бір күнде науқастар саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Елде барлығы 236 мың адамға вирус жұққан. Үндістанда негізінен вирус тарау қаупі жоғары аумақта карантин енгізілген, дүйсенбі күні елде сауда орындары, діни нысандар ашылады деп айтылады.
Индонезияда бір күнде мың шақты адамнан коронавирус табылды. Бұл эпидемия басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш. 270 млн тұрғыны бар арал мемлекетте барлығы 30 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 1801 адам қайтыс болған.
АҚШ-та COVID-19-дан 109 мыңнан астам адам қайтыс болған. 1,9 млн-нан астам адамға вирус жұққан.

BAQ.KZ
07 маусым 2020 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 195

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 310

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930