» » Италияда коронавируспен ауырғандар саны екі жүз мыңнан асты

Италияда коронавируспен ауырғандар саны екі жүз мыңнан асты

Сейсенбі күні Азаматтық қорғаныс департаменті Италияда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны екі жүз мыңнан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Департаменттің мәліметінше, қазіргі уақытта Италияда COVID-19 вирусын 105 205 адам жұқтырған. Ал, елде осы инфекциядан 27 359 адам көз жұмған, сондай-ақ коронавирустан 68 941 адам емделіп шыққан.

Инфекция жұқтырғандар, қайтыс болғандар және сауығып шыққан адамдарды қосқанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны – 201 505 адам.

Департамент сондай-ақ қазіргі уақытта интенсивті терапияда COVID-19 вирусын жұқтырған 1863 пациент жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, бұл дүйсенбі күнгі көрсеткіштен 93 адамға аз. Осылайша Италияда пандемияның төмендеу қарқыны жалғасуда.

Еске сала кетейік, Италияда жаппай оқшаулау режимі 3 мамырға дейін ұзартылған болатын. Алайда сейсенбіден бастап кітап, кеңсе тауарлары мен киім дүкендері ашыла бастады. Зауыттар жабық. Елде мектептер де биылғы оқу жылының соңына дейін жабық болады.


29 сәуір 2020 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031