» » Шетелде тегін білім алуға арналған бағдарламалар

Шетелде тегін білім алуға арналған бағдарламалар


Әлемдегі жағдайға қарамастан шетел асып, оқуға аттанып жатқандар жеткілікті. Өйткені шетелде білім алу — алға ұмтылудан талмайтын әр адамның арманы. Оны іске асыру үшін виза жасау, шығындар сияқты түрлі қиындықтарға тап боламыз. Дегенмен түрлі гранттар мен шәкіртақы бөлетін бағдарламалар бар. Олар оқу ақысын, кейде тұрғылықты жер, құжаттарды рәсімдеу мен жол ақысын өтейді. Оны бакалавр, магистрлар және аспиранттар да пайдалана алады. Бүгін осы жаз бен күзде тапсыруға болатын бағдарламаларды ұсынамыз. 

Dalhousie University

Ел: Канада
Дедлайн: 1 тамыз
Университет шетелдік студенттердің Abdul Majid Bader Graduate Scholarship шәкіртақы бағдарламасын ұсынады. Оны магистратура немесе аспирантура бағдарламаларында білім алып жатқан шетелдік студента ала алады. Ең көп шәкіртақы мөлшері жылына — 40 000 доллар. Шәкіртақы студенттің оқу үлгеріміне сәйкес созылуы мүмкін. Университет өнер, физика, социология, саясаттану, тіл және экономика салалары бойынша түрлі білім бағдарламаларын ұсынады. 

Leibniz Institute of European History

Ел: Германия
Дедлайн: 15 тамыз
Лейбниц атындағы еуропа тарихы институты жас зерттеушілерге (доктрант) арналған шәкіртақы ұсынады. Оны жергілікті аймақтан келген студенттер ғана емес, шетелдіктер де ала алды. Еуропаның діни, саяси, қоғамдық және мәдени тарихына зерттеу жүргізіп жатқан студенттер ала алады. Шәкіртақы мөлшері айына — 1350 еуро.  

Schwarzman Scholars

Ел: Қытай
Дедлайн: 2021 жылдың қыркүйегі
Schwarzman Scholars бағдарламасы халықаралық қарым-қатынас саласында жас көшбасшыларды дайындау мақстында құрылған. Әлемнің үздік студенттері өздерінің кәсіби әрі көшбасшылық дағдыларын Пекиндегі Цинхуа университетінде магистратура оқу арқылы жетілдіре алады. Университет Қытайдың үздік университеттерінің қатарына кіреді. Бағдарламаға 18–28 жас аралығындағы магистрант қатыса алады. Ал дедлайн уақыты 2021 жылдың тамыз айында нақты белгілі болады.

DAAD Doctoral Programmes in Germany

Ел: Германия
Дедлайн: 29 қазан
Жоғары білікті мамандар, соның ішінде магистр деңгейі бар жастар жеке зерттеу жобасын дайындау үшін шәкіртақы ала алады.  Қаржыландыру уақыты шамамен төрт жыл. Ай сайын шәкіртақы мөлшері маманның академиялық деңгейіне сәйкес беріледі. Магистрлерге ай сайын 861 еуро берілсе, доктаранттар 1200 еуро алады.

The University of Sydney

Ел: Аустралия
Дедлайн: 30 қыркүйек
Сидней университеті өнер, қоғамдық ғылымдар, сәулет өнері, бизнес, білім, информатика салалары бойынша білім алып жатқан магистратура және  PhD  студенттері арасында шәкіртақыға байқау жариялайды. Шәкіртақы мөлшері — 28 596 доллар.
01 тамыз 2021 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930