» » Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы өседі

Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы өседі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

студенттер

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен шәкіртақы көлемі артып келеді. Биылғы қыркүйек айынан бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады деп жоспарлап отырмыз. Магистратураға келсек, 15%-ға өсіп, шамамен 76 мың теңге болмақ”, – деді министр.
Оның айтуынша, докторантура үшін тек соңғы 2 жылда шәкіртақы мөлшері шамамен 82 пайызға өскен. Дегенмен, биыл да оның мөлшері артып, 172 мың теңгеге жетеді.
Бұдан өзге Асқат Аймағамбетов гранттар саны да өсетінін мәлімдеді.
“2025 жылға дейін гранттар саны артып, 75 мың орынға жетеді деп жоспарланған. Қазірдің өзінде сайлауалды бағдарламаны іске асыруды бастадық. Қаржы бөлінді. Биыл қыркүйек айында гранттар саны 5 мың орынға ұлғайтылады. Жыл сайын бакалавриатқа 51 мың орын бөлінсе, биыл 56 мың орын болады”, – деді ол.
12 маусым 2021 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728