» » Шәкіртақы өсті, студент сен де серпіл

Шәкіртақы өсті, студент сен де серпіл

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері білім саласына бірқатар жаңашылдық енгізді. Соның бірі – жоғары оқу орны мен колледж студенттерінің шәкіртақысының өсуі.
   "2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқитын студенттердің стипендиясын 25 процентке өсіру жөнінде шешім қабылдадым. Бұл жалпы 130 мыңға жуық адамды қамтиды" деген болатын Президент.
Мұндай қуанышты жаңалықты Қасым-Жомарт Кемелұлы "Жастар" жылының қорытындылау жиынында айтты. Осы жаңалықтан соң еліміздің талай жас студенттерінің жаны жадырап, білімге деген құштарлығы арта түсті.
   Аталған шешімнің нәтижесінде арнаулы оқу орындарында сабақты үздік оқитындардың шәкіртақысы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өссе, басқа санаттағы студенттердің бұрынғы 16 759 теңге стипендиясы 20 948 теңгеге көтерілді. Одан өзге, жоғары білімді бакалавриат және магистратура жүйесі бойынша білім алатындардың айлық стипендиясы да көбейді. Бұған дейін 20 949 теңге алған бакалавриат студенті енді 26 186 теңге, ал магистр 53 530 теңгенің орнына 66 913 теңге алатын болады. Өз білімін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында докторантурада оқитын білімгердің 81 998 теңге шәкіртақысы енді 102 948 теңгені құрады.
    Бұл жақсы жаңалықты кенттегі аграрлық-техникалық колледж студенттері қуанышпен қабылдады.
   – Аудандық аграрлық-техникалық колледжде "автомеханик" мамандығы бойынша білім аламын. Негізгі табыс көзім стипендия болған соң бұл ақжолтай хабарға қуанғаным жасырын емес. Қазіргі жоғарылатылған шәкіртақым менің күнделікті өмір сүруіме жеткілікті. Колледжде 250-ден астам студент оқиды. Олардың ішінде жақсы оқығаны үшін ай сайын шәкіртақы алатыны аз емес. Білім алып жүрген жылдарымызда мемлекеттің бізге қолдау көрсеткені көңіл қуантады. Жаңа шәкіртақы талай студенттің білімге деген құштарлығын арттырды, – дейді 1 курс студенті Бағдат Әбділхамитов.
    Айтулы колледж жыл сайын елге абыроймен қызмет ететін жаңа мамандық иелерін үлкен өмірге аттандырады. Бірқатары қазір аудан, облыс игілігі үшін жұмыс істеп те жүр. Ал колледж студенттерінің оқуға деген ниетінің нәтижесінде жоғары шәкіртақы алатыны ұстазын да қуантпай қоймайды.
   – Мемлекет басшысының шешімімен биыл студенттердің стипендиясы артты. Бұл игі бастама жастардың біліміне тың серпін беріп, білімге деген талпынысына қанат бітірері сөзсіз. Болашақта елі мен жері үшін қызмет ететін жастардың бұл жағымды жаңалыққа білім сапасымен үн қосатынына күмәніміз жоқ, – дейді колледж маманы Әзиз Дүкенбай.

Аслан ИРГАРЕЕВ
18 ақпан 2020 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031