» » Бір кісі кетіп барад жалаң аяқ...

Бір кісі кетіп барад жалаң аяқ...



 Бала күніңізде жалаңаяқ құм-топырақта ойынның қызығына еніп, аяқ киімді ұмытқан кездеріңіз болған болар. Бүгінде сол балалықтан кейін көшеде жалаңаяқ жүру ұят та қисынсыз көрінеді. Тіпті есік алдында ойнап жүрген баланы тас-қиындыдан сақтандырып, жалаң аяқ жүрмеуін талап етеміз. Біреуге шын, біреуге өтірік, бәлки. Бірақ біз жазғалы отырған кейіпкер жалаң аяқ жүріп дертіне шипа тапқан жан.
64 жасқа табан тіреген Қонысбек Тұрғанов – өз ортасына сыйлы, бірнеше жылдар бойы қызметпен біте қайнасып, бейнетінің зейнетін көріп, отбасының ортасында қорған болып жүрген ел ағасы. Кеңпейілдігімен, ақ көңілдігімен ерекшеленетін жанның бойында кейбір жастарға бергісіз энергия бар. Оны біз сұқбат барысында аңғардық. Ә дегеннен әңгімені әріден бастаған ағамыз өз оқиғасымен бөлісуді жөн көріпті.
Бала Қонысбектің бүгінгі күні қолайсыз басталды. Енді ғана тілі былдырлап шығып, ойыны да, жүрісі де көбейген 3 жастағы балақай жазатайым аяғын шығарып алады. Зәре-құты қалмаған үйдегілер баланы дереу сынықшыға апарып, аяғын салдырды. Ол кезде аяқтың түзу бітуі үшін таяқ байлап қояды ғой. Сол таяқты балаға да байлап үйіне қайтарады. Қозғалуына ыңғайсыз соққан әлгі таяқты бала шыдамсыздана алып тас­тай береді. Мүмкін содан болар шыққан аяқтың қалыпқа келуі де мұң болып, бала күннен аяқтан зәбір көрген бала Шымбұлақ санаториясына аттанады. Осында оқып, әрі емделіп жүрген баланың аяғы қалыпқа келеді деген үміт те қалмаған. Дәрігерлердің соңғы шешімі зақым келген аяққа ампутация жасау еді. Тағдыр болар, нақты шешімге келмей тұрып, 3 сыныпқа енді ғана қадам басар тұста баланы Қармақшыға алып келеді. Жайлауға апарып, сол жақта 3 ай каникулда жатады. Енді мына қызықты қараңыз. Жайлаудағы бала балдағымен жалаң аяқ жүре бастайды. Қай жерде, қай уақытта болмасын балдағына сүйеніп жалаң аяқ жүре береді, жүре береді. Солай Жер-Анадан қуат алған ол бір ғажайыптың орын алғанын сезеді. Аяғына жан бітіп, бәшпайларының қозғала бастағанын көрген дәрігерлер де аң-таң. Солай ампутациядан аман қалған аяқ бүгінде ел ағасының қос серігіне айналған. Күнде таңғы 6-да жалаң аяқ сыртқа шығып, 3-4 километрге дейін жаяу жүреді.
– Атам Тұрған бақсы кісі болған. Сол кісі жалаң аяқ жүру керек деп айтып отыратын. Баламыз ғой ол кезде. Ондайға онша мән бермедік. Бірақ сол атамыздың айтқанын екі етпей, жалаң аяқ жүре бердім. Соның арқасында дертке шипа тауып, бүгінде әлі күнге дейін осы үрдісті тастамаймын. Бір жылдары буындарым сырқырап ауыра бас­тады. Одан соң ішек-құрылысым дұрыс болмай, отадан шықтым. Сол тұста жалаң аяқ жүріп тағы да дертіме шипа таптым. Көбі біле бермейді. Бұл жалаң аяқ жүрудің пайдасы өте көп. Табиғаттан, Жер-Анадан қуат алып емделудің жөні бір бөлек. Біздің кезіміздегілердің иммунитеті мықты еді. Өйткені ол кезде шектеу жоқ, далада жалаң аяқ ойнайды. Ал қазіргі телефонға телмірген заманда балалар жалаң аяқ жүрмек түгілі бір орыннан қозғалулары екі талай. Сол үшін де аурушаң, сол үшін иммунитеті әлсіз. Желдеткішті қосса болды, тұмауратып шыға келеді. Адамдардың табанында өте күшті рефлексогенді нүктелер орналасқан. Яғни ол  сезімтал жүйке ұштары шоғырланған аймақ. Табанның бір шаршы сантиметріндегі осындай рецепторлардың саны дененің басқа жеріндегілерден әжептеуір көп. Адам жүрген кезде осылардың белсенділігі артады. Мен дәрігер емеспін. Бірақ жалаң аяқ жүрудің пайдасын барлық адам білуі керек, – дейді Қонысбек Ықыласұлы.
Қазіргі медицина жалаң аяқ жүрудің жүйке-бұлшық етін және тотығу үдерістерін белсенді ететінін, артериялық қысымды қалыпқа келтіріп, тұрақтандыратынын айғақтады. Ол стенокардия, гипертония және басқа да аурулардың алдын алуда өте маңызды деп есептеледі. Оның жүрек-қан тамыр аурулары үшін ғана емес, сонымен қатар жүйке және психикалық аурулардың алдын алуда да көмегі зор. Адамның қимыл-қозғалысы кезінде адам бойында электр заряды жинала бастайды, бірақ жалаң аяқ жүрген кезде ол жерге тартылады. Ал мұндайда аяқ киімді шешпей жүру оның сыртқа шығарылуына кедергі жасайды.
Табиғаттың дауасыз дертке шипа болатынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Оның қасиетінен адамның бойына қуат, жүрегіне шуақ орнығып, медицина ғылымы қауқарсыз болған сырқаттың сан түріне сеп болатыны белгілі. Мұндай жағдайларға мысал жетерлік. Ал біз солардың біреуіне тоқталдық. Жер-Анадан қуат алған Қонысбек аға – аспан мен жердің адамзатпен тығыз байланыста екенін бірнеше жылдар бойы дәлелдеп келе жатқан ерекше жан.
Айнұр ӘЛИ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ
(сурет)
26 шілде 2021 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031