» » » Балалық шағымның «Балдырғаны»

Балалық шағымның «Балдырғаны»

Үш аяқты «Балдырған» тептіңіз бе? Оның қызығына қанып өспеген бала жоқ шығар сірә? Мұны, әсіресе 80-90 жылдары туылған кез келген қазақ баласы армансыз құлағында ойнады. Ол кезде екінің бірінде болушы еді ғой шіркін. Таң атқаннан балдырғанды теуіп ойнауға кеткеннен күн бата бір-ақ келуші едік. Бүкіл ауыл баласы осының қызығында жүріп өсті десем артық айтпаймын. Көшенің шаңын шығарып бір-бірімен жарыса тепті. Құлады, таяқ жеді әйтеуір жаман болған жоқ. Ол кездегі ойын баласында қазіргідей ойыншықтар болмады. Қатты сымға арбаның дөңгелегін өткізіп, жоқтан бар жасап қатардан қалмай ілесіп ойнайтын. Күннің ыстығында жалаң аяқ қара жерді басып, өкшенің жарылғанында сезбедік қой. Тәтті ойынның тұсауында қалған біздерді шешеміз талай ұрсып кеш батқанда қайтарып алатын.
Бір көшеде қатар қоңсыласқан Айбекте, сосын онан екі үй әрі тұратын көрші Бауыржанда және менде бірдей үш аяқты балдырған болды. Ішінде жасы үлкені Бауыржан еді. Ол бойшаң болғаны соншалық аяқтары сорайып рульдің екі жағынан шығып жүретін. Үшеуіміз ойнағанда үй жайында қалатын. Көшенің ана басынан мына басына дейін ұзап ойын қуатынбыз. Көшеміз ауылға кіре-берістегі ең ұзын дәліз. Сонда қорқу деген мүлдем санамызға келмейтін. Ол кезде ауылдың адамдары бірін-бірі қатты танитын. Тым алысқа кетіп қалсаң «Пәленшенің баласысың ба? Қайт үйіңе, ана шешелерің таппай жүр сендерді» деп қайтаратын. Кеш құрым өрістен қайтқан қойларды үйге дейін қуып кіргізетінбіз.
Сосын балдырғанды үйдегі ағаларымыз жарыса сәндеп беретін. Сымнан айна жасап, түрлі бояумен бояп, ою салып беретін. Оның өзін жаңасын сатып алғандай тебетінбіз. Тал түсте жұрт ұйықтап жатса есік алдында жүріп, көршіңнің ойнауға шыққанын күтетін едік. Әйтеуір сол кездің балалық шағы мүлдем басқаша еді ғой. Қазір қалай?
Қазір балдырған тепкен былай тұрсын, аулада ойнап жүрген бала көрмейсің. Ол кездегідей таза табиғат аясында алаңсыз ойнайтын балалар сирек кездеседі. Ойнамайды емес ойнайды. Бірақ сол кездегі біздер секілді балдырған итеріп, аяқтарын шаршатып ойнайтын бұзықтар жоқ. Қазір бірінің қолында телефон, бар қызығы сонда. Оның үстіне заман көшіне қарай үш аяқты балдырғанның орнын самокат, тоқпен жүретін шайтан арбалар басты. Ал балалық шақтың балдырғаны келмеске кетіп барады.
Қайбір күні жолда көлігіммен кетіп бара жатып, мына бір жәйтқа тап болдым. Кішкентай көрші қыздың үш аяқты балдырғанды теуіп, анасымен серуендеп жүргені көңілімдегі бала сезімді қайта оятты. Мен тепкен, мен алаңсыз ойнаған тап осы балдырған мына балақайды қуанышқа бөлеп жүр. Себебі анасы алып берген арбаны әлгі кішкентай қыз тез үйреніп алыпты. Қарап отырсам айдауға жеңіл балдырған, баланың тез жүруіне, қимыл қозғалысын ширатуға бейім жасалғандай. Осыдан жиырма жыл бұрын ауылдан ауданға көшерде менде үш аяқты арбамды көршіме аманат етіп тастап кеткенмін. Енді міне сағынышым қайта оянғандай. Айтпақшы балақайға «берші бір айналып теуіп келейін десем, аға сен дәусің ғой» деп ұялтып тастаған-ай.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 шілде 2020 ж. 1 287 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031