Адал басшы

Цай Ден Хак атамыз мен 1984 жылы 9 сыныпта оқып жүргенде (ол кезде 10 жылдық) қайтыс болды. Жерленгенінде өз көзімізбен көрдік. Қимай жылағанымыз әлі есімде. Ауыл тұрғындарынан көзіне жас алмаған кісі болмаған шығар, сірә?!
Бұл кісінің қарапайымдылығы сонша балаға дейін танитын еді. Көшеде көре қалсаң тоқтап тұрып амандасып, қал-жағдайыңды, сабағыңды сұрайтын еді. Күзде сабақ басталғанда түске дейін сабақ, түстен кейін күрішке егіннің басында күрмек теруге баратын едік. Шөп орып колхозға көмек беретін едік. Бүгін Еңбек Ері туралы өмірбаянын, атқарған еңбегін жазып отырғанымда кәдімгідей толқып отырдым. Ата-анамды да қатты сағынып кеттім.
Бұл кісіден кейін де ауылды талай адам басқарды. Бәрінің де еңбегі бар ғой, жоқ емес әрине.
Бірақ... Бірақ сол кезде өзім тым сезімталмын ба, бала жүрек сыздап қимады. Енді орнын кім басар, адал ісін кім жалғастырар деген ой жылт ете қалғаны да рас еді. Менің ойымша адал ісін, еңбек жолын жалғастыратын жан келді. Лайымда солай болсын. Алдағы уақытта бұл кісінің архивте қалған әдемі әңгімелерін жазатын боламын.
Рима Рұрманова

06 желтоқсан 2019 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031