» » САЙЛАУ: Мықты лидер анықтайтын күн жақын

САЙЛАУ: Мықты лидер анықтайтын күн жақын



Ертең сайлау. Иә, бұрын-соңды болмаған, жаңа форматтағы ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Яки, сол әкімді халық өзі сайлайды. Ендігі заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік негізде қандай да болсын қиын кезеңде халыққа шын мәнінде сүйеу болатын көшбасшыларды таңдаудың бір мүмкіндігі туғандай.
Жергілікті әкімдерді сайлау елде 2013 жылы қолданысқа енген. Сол жылдан бастап 2017 жылға дейін елдегі 2500-ге жуық әкімнің 1416-сы жанама түрде сайланған. Бұл тұста әкімдерді халық емес, мәслихат депутаттары сайлады. Оның үстіне бұған дейін әкімдікке кандидаттарды одан жоғары тұрған аудан әкімдері ұсынатын. Сайып келгенде сайланды дегені болмаса, іс жүзінде тағайындаудан кем түспейтін. Ал жыл басында Президент Қ.Тоқаев бұл жол­ғы сайлаудың өзгеше болатынын, тұр­ғындар әкімді тікелей және төте дауыс беру арқылы сайлайтынын айтқан болатын. «Биыл ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады» деген еді ол VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сес­сиясының ашылуында. Қош. Елде барлығы 836 ауылдық округ әкімін жергілікті халық төте дауыс беру жолымен сайламақ. Әкім сайлауына жасы 25-тен асқан, жоғары білімі және кемі бір жыл мемлекеттік қызмет атқарған иә мемлекеттік органға жатпайтын ұйымда кемі екі жыл жетекші болып істеген азамат қатыса алады.
Ал аймақта ауыл әкімдерінің сай­лауы­на 134 кандидат тіркеліпті. Оның 49-ы саяси партиядан, 85-і өзін-өзі ұсынған. Әйткенмен үш кандидаттың тіркеуі тоқтатылыпты. Екі кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс кел­меуіне байланысты және бір азамат өзі бас тартқан. Сонымен 25 шілдедегі сайлауға 131 кандидат қатысады. Ал ауданда әзірге бір ауылдың әкімі сайланады. Ертеңгі өтетін Ақай ауылдық округі әкімі қызметіне үміткер ретінде 3 кандидат тіркелген. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Сөйтіп ақайлықтар өз таңдауын жасайды. Ал ауылдық округте орналасқан 2 сайлау пункті ертеңгі күнге сақадай сай тұр.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
24 шілде 2021 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 175

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 297

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930