» » Сайлау 2021: Әкімдер аламанға дайын ба?

Сайлау 2021: Әкімдер аламанға дайын ба?


Осы жыл елде сайл ау жылы болып тұр. 10 қаңтарда мәжіліс пен жергілікті барлық мәслихат депутаттарының додасы өткені мәлім. Енді ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылуда.
Негізі жергілікті әкімдерді сайлау тәжірибесі Қазақстанда 2013 жылы қолданысқа енгізілген. 2013 және 2017 жылдары елдегі 2500-ге жуық әкімнің 1416-сы жанама түрде сайланған. Яғни, әкімдерді тікелей тұрғындар емес, мәслихат депу­таттары сайлайды. Оның үстіне бұған дейін әкімдікке кандидаттарды одан жоғары тұрған әкімдер, яғни аудан әкімдері ұсынатын еді. Айналып келгенде сайланды деген аты болмаса, іс жүзінде мұндай сайлаудың тағайындаудан айырмашылығы шамалы болатын. Осының бәрін ескерген саяси сарапшылар сол кездегі әкімдердің сайлауын «Демократияның декорациясы» деп атаған-ды.
Жыл басында-ақ халыққа Жолдауында Президент Қ.Тоқаев бұл жолғы сайлаудың өзгеше болатынын, яғни тұрғындар әкімді тікелей және төте дауыс беру арқылы сайлайтынын айтқан. VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы «Биыл ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады» деген еді.
Елде барлығы 836 ауылдық округ әкімін жергілікті халық төте дауыс беру жолымен сайламақ. Әкім сайлауына жасы 25-тен асқан, жоғары білімі және кемі бір жыл мемлекеттік қызмет атқарған иә мемлекеттік органға жатпайтын ұйымда кемі екі жыл жетекші болып істеген азамат қатыса алады.
– Қызылорда облысынан ауыл әкім­дерінің сайлауына 134 кандидат тіркелді. Оның 49-ы саяси партиядан болса, ал 85-і өзін-өзі ұсынған. Әйткенмен үш кандидаттың тіркеуі тоқтатылды. Екі кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс келмеуіне байланысты және бір азамат өзі бас тартқан. Яғни осы жылдың 25 шілдесінде сайлауға 131 кандидат қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
– Сайлау комиссияларына ұсыну және тіркеу кезеңінде өтініштер түскен жоқ. Барлық тіркелген кандидаттар тиісті ауылдық округтен куәлігін алып, сайлау бюллетеніне енгізілетін болады, – деді Ғалым Қонақбайұлы.
Санаулы күннен кейін өтетін сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Алайда сайлау туралы барлық ауыл тұрғындары әлі біле бермейді, сондықтан үміткерлерге дауыс берудің маңыздылығын жеткізу керек. Сонымен қатар, осы сайлауда сайлаушыларға барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі бар.
Ал Қармақшы ауданында әзірге бір ғана ауылдың әкімі сайланады.
– Ақай ауылдық округі әкімі қызметіне үміткер ретінде 3 кандидат тіркелді. Олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бірер күннен кейін ақайлықтар өз таңдауын жасайды. Сайлауды ашық әрі әділ өткізуге дайынбыз, – дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Наятұлы.
Әкімдерді сайлау – демократияны нығайту, жергілікті халықтың билікті бақылаудағы рөлін және ықпалын арттыру, сондай-ақ дамыған елге айналу жолындағы маңызды қадам. Парламент пен ел Үкіметі бастаған реформалар аясында жергілікті бюджетке тәуелдігін азайтатын заңдар қабылдауда. Мысалы шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы енді орталық бюджетке алып қойылмайды, жергілікті бюджет еншісінде қалады. Тиісінше, қай ауылда бизнес гүлденсе, кәсіпорындар өндірісінің көрігі қызса, сол ауыл бай болады. Өз ісіне мығым, кәсіпкерлікті гүлдентудің мәнісін білетін ауыл әкімі елді мекен қажеттілігінен асып түсетін түсім жинап, миллиардер ауылға айналдырып, орталыққа алақан жаймайтын күйге жетуі де ғажап емес.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
20 шілде 2021 ж. 1 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031