Қызылорда облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтардың саны өсуде
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) толықтай енгізілгеніне 1,5 жылдың шамасы болды, алайда бүгінгі таңға жүйенің толыққанды іске асырылуына кедергі болып отырған бірқатар факторлар жайында, және де оларды еңсеру жолдары туралы осы алқалы жиында егжей-тегжейлі тоқтала кететін боламыз, оған қоса а.ж. 2 маусымында болған өңірлік штабтың отырысында берген тапсырмалардың орындалуына тоқталамыз.
«Денсаулық сақтау жүйесі халықтың денсаулығы мен өмір мүдделерін бірінші орынға қоюы тиіс» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 қаңтар 2021 ж. ҚР Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінен аңғаратынымыз – деннің саулығы мен халықтың амандығы қазіргі пандемия жағдайында бұрынғыдан әлдеқайда зор маңызға ие болып отырғаны.
Атап өткім келеді, а.ж. 2 маусымындағы өңірлік штабтың хаттамалық шешімдегі тапсырмалардың орындалуы жайлы жергілікті атқарушы органдардан хат арқылы сұратылған. Алайда, келесі мекемелерден ақпараттар келмеді: Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жаңақорған аудан әкімдіктері, облыстық білім және ішкі саясат басқармалары. Ал, қалған жергілікті атқарушы органдаран келген мекемелердің ақпарттары бір сыпыра бірдей мәліметтер болып отыр. Одан бөлек, құқық қорғау органдары өз қызметкерлерін «Тұлғаларды есепке алу» бағдарламасына тіркелім уақытымен жүргізілуде деген ақпарат келді.
Облыстағы «Қорыт Ата» мен «Болашақ» университеттері студенттер мен оқушыларды сессия сайын тіркелім жасалынып жатқандығын хабарлады.
МӘМС жүйесінің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіріп отырған бірінші үлкен мәселе - өңіріміздегі сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының әлі де жоғары болуы. Республика бойынша 18 млн тұрғыңдардың 15 млн астамы, яғни 81% cақтандырылған. Ал Қызылорда облысы бойынша 800 мыңдай тұрғындардың тек 652 мыңдайы (81%) сақтандыру мәртебесіне ие болып, соңғы қатардағы орындарға жайғасты. Меже бойынша 2020 жылдың соңына өңір тұрғындарының 87% сақтандырылу қажет еді, алайда бұл орындалмай отыр.
2021 жылғы 1 шілдесіндегі ахуал бойынша облыс бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар 146 193 адамды құрап, а.ж. 1 маусымындағы жағдаймен салыстырғанда 4 207 адамға (2,8%) артқан. Яғни осыншама адам медициналық көмекті толыққанды алу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Оның ішінде Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 63 651 (43,5%), 43 298 адам (29,9%) – әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар, 5 520 адам (3,7%) – жеке кәсіпкерлер, 3 049 адам (2%) - жеке тәжірибемен айналысатын адамдар және 3 037 (2%) – басқа санаттағы адамдар, 1 341 адам (0,9%)- өзі өзін қамтамасыз ететіндер, 26 324 – мәртебесі анықталмағандар.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында сақтандырылмағандар саны 141 986 құраса, ал 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша бұл санаттағы азаматтар 146 193-ға дейін көбейген, яғни бір ай ішінде сақтандырылған мәртебесі жоқтар тағы 4 207 тұрғынға артқан деген сөз. Сақтандырылмаған азаматтардың тізімін мәлімет және жұмыс жасауға пайдалану үшінай сайын қалалық, аудандық әкімдіктері мен медициналық мекемелерге және облыстық кірістер департаментіне жолданғанымен, бұл азаматтар санының азаймай отырғаны атқарылған жұмыстардың мардымсыз, немесе тіпті жоқ екенін білдіреді. Алдағы уақытта халық арасында МӘМС пакетіндегі медкөмекті ала алмау аймағымызда пандемия салдарынан онсыз да қордаланып отырған әлеуметтік проблемаларды шиеленістіріп, резонанс тудыруы әбден ықтимал. Сол себепті, біз өз тарапымыздан а.ж. 2 маусымындағы өңірлік штабта - қала мен аудандарда «МӘМС жүйесіне тарту» жұмысшы тобын құрып, олардың қатарына міндетті түрде жергілікті әкімшіліктің лауазымды тұлғаларын басшы етіп тағайындап, сәйкесінше медицина саласының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік саланың қызметкерлерін, жергілікті учаскелік полиция қызметкерін, қоғам белсенділері мен халыққа сөзі өтетін сыйлы азаматтарды қосып, күшейтілген ақпараттық-түсіндірме жолымен сақтандыру мәртебесіне өткізуді қолға алуды ұсынған болатынбыз, алайда ол жұмыс атқарылмай отырғаны айдан анық дүние. Оған қоса, 2021 жылдың 1 наурызында өткізілген денсаулық сақтау саласының жылды қорытындылау алқасында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Л.Тоғжанов өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау туралы тапсырма берді (хаттамалық шешімінің 5 тармағының 5.3 тармақшасы). Осыған сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, күшейтілген түрде халыққа жүйенің маңыздылығын толық жеткізуіміз керек деген ойдамын.
Қала мен аудандар қиығындағы сақтандырылмаған тұрғындардың әлеуметтік портретіне көз салсақ, олардың дені - БЖТ төлеушілер (43,5%), жалдамалы жұмыскерлер (29,9%) және аз бөлігі жеке кәсіпкерлер (3,7%) екеніне көз жеткіземіз.
Жергілікті атқарушы органдар мен салықтық департаменттердің заң аясындағы атқаратын жұмыстарының алгоритмі көрініс тапқан.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін табысты енгізу жергілікті және республикалық меморгандар мен ведомстволардыңортақ жауапкершілігіне негізделгендіктен, бұл тек денсаулық сақтау саласына ғана тиісті мәселе емес екендігін баса айтқымыз келеді. Яғни, елдің, жердің бас егесі болып саналатын жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде бірінші кезекте әкімдіктер сеніп тапсырылған өз әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын халықты МӘМС аясына тартып, сақтандыру мәртебесіне өткізуге бел шеше кірісуі міндетті.
Алайда, жергілікті атқарушы органдар өздеріне заңмен берілген уәкілеттерді толық пайдаланбай отырғанға ұқсайды.
Мәселен, ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы №405 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай -Заң) 30-бабының 8-тармағына сәйкес, аударымдарды және жарналарды, сондай-ақ, есептелген өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақтылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Алайда, жоғарыда атап көрсетілгендей, қазіргі таңда бірқатар мекемелер өз жұмысшыларына яғни 43 298 жұмысшыға (1 маусыммен салыстырғанда – 1 934 адамға көбейген), 5 520 жеке кәсіпкерлер (1 маусыммен салыстырғанда – 20 кәсіпкерге көбейген) мен 2 049 жеке тәжірибемен айналысатын адамдардың (1 маусыммен салыстырғанда – 359 көбейген) жарналары уақытылы төленбей, олар сақтандыру мәртебесінен айырылып отыр.
Заңның 31-бабында төлеушінің аударымдары мен жарналарын уақытылы аудармағаны үшін жауаптылығы қарастырылған, яғни аударымдар мен жарналардың уақытылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс екені туралы көрсетілген.
Бұдан басқа, ҚР салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің аударымдар мен жарналар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жіберуге тиіс.
Аударымдар мен жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, және берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
Алайда, МӘМС жүйесінің 1 жылдан астам мерзімде іске асырылуына қарамастан, Заңның бұл талаптары орындалу деңгейі бізге беймәлім.
Одан басқа да жағдайлар да алдарыңыздағы слайдта көрініс тапқан.
Бұдан бөлек, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен Ресей Федерациясының Зейнетақы қорынан Байқоңыр қаласында тұратын, РФ заңнамасы бойынша зейнетақы алатын ҚР азаматтарының нақты саны туралы мәлімет сұратылған. Осыған орай, мәлімет уақытында келген жағдайда МӘМС туралы заңның 26-бабының 1-тармағы 7-тармақшасындағы 15 жеңілдігі бар санаттардың қатарын Байқоңыр қаласында тұрақты тұратын, РФ зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алатын ҚР азаматтарымен толықтыруға мүмкіндік жасау Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен қарастырылады деген ойдамыз.
Облысымызда әр бір медицина ұйымдарында «бестіктер» құрылып, яғни бес маман бекітіліп, осы мамандар МӘМС жайлы 100% біле отырып, өздері каскад әдісімен ары қарай мекеменің барлық қызметкерлерін тұрақты оқыту үстінде. «Құпия науқас» бағдарламасын өткізу 2020 жылдан бері Орталық аппарат және басқа өңірдегі филиалдардың қатысуымен тұрақты түрде өткізілуде, алайда слайдта көрініп тұрғандай медқызметкерлердің білу деңгейі көңіл көншітпейді. Медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін әлі де болса көтеру қажеттілігі айдан анық дүние. Одан бөлек емханаға тіркелмеген халық саны облыс бойынша 1 шілдедегі мәлімет бойынша 6 773 (1 маусымдағы мәлімет – 7 066 тұрғын, тек 1 ай ішінде 293 тұрғын ғана емханаға тіркелген) тұрғындарды құрап отыр (ҚР-157 944).
Қор тарапынан 2020 жылдаың 2 тоқсанынан бастап «Qoldau-24/7» мобилді қосымшасы әзірленген-ді. Бұл қосымшаның маңыздылығы - МӘМС жүйесіне байланысты толық ақпарат алуға және де медицина мекемесінің қызметіне шағым қалдыруға болады. Мобилдік қосымшаны қолдану үшін, Google Play Market/АРР Store) арқылы «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеп, жүйеде тіркелу қажет. Қосымшаның ақпараттық материалдары мен видеороликтері де жасақталған.
Өзекті мәселелер.
Ұсыныс:
- Облысымыздағы сақтандырылмаған азаматтарды сақтандыру мәртебесіне өткізу тек медицина саласына қатысты еместігін атап көрсетіп, жергілікті атқару органдарының басшылығымен барлық құзыретті органдарды жұмылдыра жұмыс атқаруға ықпалдастыру қажет, оған қоса қала мен аудандарда «МӘМС жүйесіне тарту» жұмысшы тобын толық құрып, күшейтілген түрде халыққа түсіндіріп, сақтандыру мәртебесіне өткізу қажет.
- Облыстағы кәсіпкерлік субъектілерге МӘМС жарналарының төлеу міндеттілігі туралы жазбаша ескертуге, оның ішінде табысын 0 деп көрсететін кәсіпкерлерге қатысты түсіндірме жұмыстарын дұрыс және толық өткізіп отыратын аймақтық кірістер департаментінің құзыретіндегі мәселе деп санай отырып, оларға жұмыс берушілер мен жұмысшыларға МӘМС жарналары мен төлемдерін уақытылы төлеу және жұмысшылардың еңбек демалысына немесе науқастануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағына шыққан уақыттарында жарналарды дұрыс есептеу мәселелері бойынша мекеме басшыларымен, есеп бөлімінің қызметкерлерімен тиісті жұмыстар жүргізуді. МӘМС жарналары мен төлемдерін уақытылы төлемеген мекемелерге қатысты заңда белгіленген санкцияларды қолдануды ұсынамыз.
- Сақтандырылмаған азаматтардың мәртебесін өзгертуге байланысты қарқынды түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет, яғни қала мен аудандардағы орталық көшелерінде баннерлер ілінуі мен Led экрандарда бейнероликтер көрініс табуын ұсынамыз.
- БАҚ құралдарына Медсақтандыру қоры филиалы тарапынан ұсынылатын көрнекі материалдардың апта сайынғы шығарылымдардан көрініс табуын қамтамасыз ету қажеттігін ұсынамыз.
- Филиал тарапынан облыстың медицина қызметкерлері үшін тұрақты түрде оқытылымдар өткізілуде, алайда оларды әрі қарай каскад әдісімен жалғастыру мәселесін Денсаулық сақтау басқармасы қадағалап, медицина мекемелерін аралап, нақты инспекциялауды және "Диспансерлік науқастардың тіркелімі" ақпараттық жүйесінде науқастарды динамикалық есепке уақытылы алу және есептен шығаруына қадағалаулар мен тапсырмалар беруді ұсынамыз.
- "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінде көзделген халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, медициналық ұйымдарда тар буынды мамандардың және диагностикалық көмек көрсету үшін қажетті медициналық жабдықтардың санын көбейту мәселелерін шешуді ұсынамыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиал директоры Бақыт Исмаханбетов