» » МӘМС: Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

МӘМС: Жиі қойылатын сұрақтарға жауап



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов тұрғындардың МӘМС туралы өзекті сұрақтарына жауап берді.

Егер тұрғын жұмыссыз, мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, қай кезеңнен бастап төлеу керек? Егер бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеп жүрсек, МӘМС-ға төлемеуге бола ма?

Егер жеке тұлға жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркелмесе, онда мұндай тұлға өз бетімен төлеуші болып саналады және мұндай тұлға МӘМС-ке төлем жасалмаған уақыты үшін 2125 теңге көлемінде жарна төлеуі тиіс (бірақ, 12 айдан көп емес мерзімге). Дегенмен, егер адам 2020 жылдың қараша айында жұмыстан шығып қалса, 2020 жылдың қарашасынан бастап төлеуі керек. Яғни, өз бетімен төлеушілер жасаған төлем жұмыс беруші тарапынан аударылатын жарна мен төлемдер тоқтаған сәттен бастап тұрақты төленуі тиіс.
Бірыңғай жиынтық төлемде (БЖТ) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жарнасы да бар. БЖТ төлеушілер - жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін БЖТ төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемді медициналық көмек алудың алдында үш ай үзбей және соңғы ай үшін де төлеуі тиіс.
Есте сақтаныз, МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі осы ай үшін төлем болған жағдайда осы айға және айдың соңына дейін жарамды.

Пациент бір ай бұрын Қарулы күштер қатарындағы борышын өтеп келді, «сақтандырылмаған», мұндай жағдайда не істеу керек?

Егер пациенттің әскери қызметін өтеуі кезінде төленбеген қарызы жиналып қалса, борышын алып тастау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жазбаша жүгіну қажет. Ол үшін өтініш жазып, әскери қызметте болғанын дәлелдейтін құжаттарды қоса беру керек. Өтініш пен құжаттардың скандалған көшірмелерін ӘМСҚ-ың kanc@fms.kz электронды көшірмесіне жіберу керек. Алдағы уақытта бұл азамат сақтандырылған мәртебесін жалғастыру үшін МӘМС жүйесіне тұрақты төлем жасап тұруы керек.

Егер науқас уақытша биыл ауруы бойынша мүгедектік алса, ал өткен 2020 жыл бойы МӘМС жүйесіне жарна аудармаса, оның мәртебесі «сақтандырылған» бола ма?

Жеңілдік санатын алған соң науқас МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алады, өткен мерзімдегі қарыздарына қарамастан. Әзірге науқастың жеңілдік мәртебесі бар кезде өткен мерзімдегі қарызы МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға кедергі болмайды. Ал егер науқастың жеңілдік мәртебесі алынып тасталса, онда оған жеңілдік мәртебесі бар кезінен бөлек мерзімдегі қарызын төлеуі керек (өз бетімен төлеуші ретінде).


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
04 ақпан 2021 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031