» » МӘМС жүйесінде сақтандырылған бол

МӘМС жүйесінде сақтандырылған бол

Қызылордада «МӘМС жүйесінде сақтандырылған бол! акциясы өтті. Мақсаты - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қағидаттары мен артықшылықтарын, пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру.
Медициналық сақтандыру қоры филиалының, облыстық жастар денсаулығы орталығының мамандары "Arai citi mall" сауда-ойын-сауық орталығының келушілеріне МӘМС жүйесі туралы ақпараттық-материалдар, брошюралар, постерлер таратып, сұрақтарға жауап берді.
Атап айтқанда, тұрғындар МӘМС мәртебесін анықтау, қымбат медициналық қызмет алу, пациент ретінде өз құқықтарын қорғау сияқты мәселелерге қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, емханаларға еркін тіркелу науқанының осы кезеңінде МӘМС жүйесінде халықты өзектендіру мәселелері аса өзекті. Аймақтын 8 мыңнан астам тұрғыны алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелмеген.
Медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін тұрғылықты жері бойынша емханада МӘМС жүйесінде тіркелу және сақтандырылу мәртебесін тексеру қажет.
Өзінің cақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы және «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Облыста халықтың 80% - ға жуығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады, 147 мыңнан астам адам сақтандырылмаған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
24 қыркүйек 2020 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930