» » Сағынтаевтың Сыр еліне сапары: БАҒЫТ – АЙҚЫН, МЕЖЕ – НЫҚ

Сағынтаевтың Сыр еліне сапары: БАҒЫТ – АЙҚЫН, МЕЖЕ – НЫҚ



Үкімет басшысы Б.Сағынтаев Сыр еліне сапарлады. Осыған дейін бірнеше мәрте Алаштың Ақмешітіндегі ағеден елдің жай-күйін барлап, жұртпен жүздескен Премьер-министрдің бұл жолғы сапары Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысымен танысуды мақсат етті.
 
Алдымен өңірдегі бизнес өкілдерімен жүздескен Б.Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Елбасының өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ол үшін экономиканың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалық басқару жүйесі енгізілді. Бұл — жаппай кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту, индустрияландыру, АӨК, өнімді жұмыспен қамту, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу. Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп белгіленген Сырдағы қарқынды тірліктің орындалу барысымен таныстырды. Сондай-ақ, облыс экономикасының құрылымдық трансформациясы, экономикалық өсімнің тиімді тетіктері сөз болды. Бұл ретте ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтар ой-пікірлерімен бөлісті.
Мұнан соң Бақытжан Әбдірұлы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау, сонымен қатар, әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Бастама аясында білім саласына жіті көңіл бөлінгені белгілі. Ерекше айта кетерлігі, бастама сыйлаған жаңа мүмкіндіктер: қолжетімді баспана, салық салуды төмендету, студенттерге арналған жаңа пакет — қосымша гранттар мен жатақханалар, шағын несие беруді көбейту, тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа газ құбырларын тарту және өңірлерде бизнесті дамыту мәселелері жөнінде талқыланды. Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек қазақстандықтарға тиімді шарттармен баспана беру бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ететін «7–20–25» бағдарламасының жасалуы, іске қосылатын мерзімі мен қатысу шарттары туралы мәлімдеді. Ал жиында әріптестерімен жүздескен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Ешенқұлов білім беру мәселелері және жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту жоспарлары туралы баяндама жасады.
Биыл шілде айында «Қараөзек» компрессорлық станциясынан «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағытында 2,7 млн. адамды табиғи газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы басталады. Есіл бойындағы ерке қаланың тұрғындары көгілдір отынмен көңіл жылытпақ. Бақытжан Сағынтаев «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» шеңберінде жүргізілген ауқымды жобаның жүргізілуімен танысты. Аталған жоспар үш кезеңнен тұрады. Әдепкісі, ұзындығы 1081 шақырым болатын «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана» бағыты бойынша магистральдық газ құбырының құрылысы жоспарланған. Ал екінші кезеңде 276 шақырымға жететін «Астана – Көкшетау» газ құбыры тартылады. Үшінші кезеңде 177 шақырымдық «Көкшетау – Петропавл» учаскесі және соңғы төртінші кезеңде аталған газ құбырынан газ тұтынудың болжамды ұлғаюын есепке ала отырып, магистральды газ құбырының өткізгіштік қуатын жылына 3 млрд текше метрге дейін жеткізу үшін «Жезқазған» және «Теміртау» компрессорлық станцияларын тұрғызу жоспарланған.
Сапарды айдынды Аралға жалғаған Үкімет басшысы жылына 6 мың тонна өнім өндіретін «Арал балық өңдеу зауытының» өндірісімен танысты. Дайын өнім Ресей, Қытай, Польша, Голландия, Германия, Дания, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан мемлекеттеріне экспортталады. Сондай-ақ, «Аралтұз» АҚ зауыты тәрізді индустриалды инновациялық даму бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Айта кетейік, сыр өңірінде 22 балық өңдеу зауыты бар. Оның ішінде ЕуроОдаққа – 4, Қытайға – 3, Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы мемлекеттерге – 9 өнім түрін экспорттайды.
Осыған дейін де сан мәрте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Біз Байқоңырды жалға бергенмен, қандастарымызды жалға берген жоқпыз» деген болатын. Ғарыш айлағындағы әлеуметтік нысандар қазақстандық стандартқа ауысып, көгілдір отынға қосылғанда да бөркімізді аспанға аттық. Жер кіндігіндегі мерейімізді үстем етер жағымды жаңалықтарға жарғақ құлақты түре жүре аспанға атқан малақайымыздың алдағы он жылдықтарда жерге түспесіне сенім кәміл. Бақытжан Сағынтаев Байқоңырдағы сапарында елдегі ғарыштық саланың дамуымен, қаланың даму жоспарымен танысты.
Айта кетерлігі, Үкімет басшысына нысанды аралау кезінде ғарыш саласын дамытудың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар, сонымен қатар «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастық туралы тұжырымдаманы іске асыру барысы, оның ішінде инвестицияларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі М.Нұрғожин және «Росғарыш» мемлекеттік корпорациясының бас директорының орынбасары А.Мазурин «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.
Бұған дейін де бірнеше мәрте екі ел арасындағы бірлескен бағдарламаларға қол қойылып, әріптестік-ынтымақтастық бағытында, ғарыштық қаланы біріге дамыту туралы келісімдерге қол қойылған. Бүгінгі біріккен жұмыстардың нәтижесін облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов пен қала әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин таныстырып өтті.
Бұл күнде қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталған, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін реконструкциялау және жаңғыртудың дайындық жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
 
Түйін.
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында Сырдағы қайнаған тірлік қызу жүруде. Биыл кәсіпкерлікке арналған ауқымды жоспарлар нық қойылды. Бұл бастаманың аясында елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы, жұртшылықтың жағдайы, елдің болашақ тізгінін ұстар жастарға жасалған жағдай қылаң береді. Облыс халқымен кездесуде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та өңірдегі атқарылып жатқан ауқымды тірліктерге оң бағасын берді. Демек, бағыт – айқын, меже – нық.
 
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
01 сәуір 2018 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031