» » Жаңа қаулы: не өзгерді?

Жаңа қаулы: не өзгерді?


Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына  толықтырулар енгізді. Онда халық арасында COVID-19  инфекциясының алдын алу мақсатында түрлі сақтық шаралары бекітілді.  Қаулыда не дейді?
Енді вакцина алмаған қыз­меткерлерге апта сайын ПТР-тест тапсыру міндеттеледі. Аталған құжатқа сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина алмағаны үшін қызметкерлері 7 күнде 1 рет ПТР-тест тапсыру міндеттелетін ұйымдардың тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар); жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің; білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі.
Сонымен қатар қаулыда 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру қажеттігі көрсетілген. COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектеу сынды шаралар бекітілген. Қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінде сағат 00-ден бастап күшіне енді.
Елдегі теміржол вокзалы Ashyq жобасына қосылды. Бұл бірқатар өңірде жүзеге аса бастады. Яғни, коронавирус­пен ауыратын жолаушылар ғимаратқа кіргізілмейді. Ashyq жобасы Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу теміржол вокзалдарында енгізіледі. Жолаушы вокзалға кірер алдында QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалары арқылы сканерлеу қажет.  Қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда, есіктегі қызметкерге ЖСН-ді көрсетуге болады. «Жасыл» немесе «көк» статус шықса, ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі. «Қызыл» немесе «сары» шыққандар, вокзалға жіберілмейді. Шетелдіктердің статусы төлқұжат нөмірі бойынша тексеріледі. 18 жасқа дейінгі балалар тексерістен өтпейді.
Айта кеткен жөн, Қазақстанда 5 шілдедегі мәлімет бойынша 3113 адамда коронавирус індеті анықталды. Ал әлемде «Дельта» штаммының таралуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. 2021 жылдың 1 шілдесіне Үнді штаммын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілді. Нәтижелері бойынша 48,3% Үнді штаммы барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды. Мутацияның болуын және оның «Дельта» штаммына жататындығын түпкілікті растау үлгілердің ДНК толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін анықталады. Дельта штамм клиникасының ерекшеліктері – инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілері басым, аурудың тез дамуы, жас жастағы науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдер арасындағы ауыр курс. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан өз денсаулығына және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлық жасауды сұрайды. Инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі – аяқталған курс COVID-19 вакцинациясы. Сонымен қатар, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету секілді шақтық шараларын жасаған жөн.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Дельта» SARS-CoV-2 штаммы әлемнің 96 елінде анықталды.
Айнұр ӘЛИ
06 шілде 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031