» » 10 қарашадан бастап шекарадан өту ережелері өзгереді

10 қарашадан бастап шекарадан өту ережелері өзгереді

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мемлекеттік шекара арқылы өту пункттерінде шектеу шараларын енгізетін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz


Қаулының мәтіні Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.
Қаулыға сәйкес теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті түде сәйкес термометриядан және сауалнамадан өтетіні айтылады.
"Келген Қазақстан Республикасының азаматтары анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы жүзеге асырады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижемен келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады", делінген қаулыда.
Еске сала кетейік, қаулы 10 қараша сағат 00:00-де күшіне енеді.

10 қараша 2020 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 191

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930