» » Жаңа кітаптар әлемі шақырады

Жаңа кітаптар әлемі шақырады


Кітап – білімнің бұлағы болса, кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Ал оқырман – кітапхананың жаны деп айтсақ қате емес. Себебі оқырман болмаса, кітапхана да өз міндетін толық атқара алмайды. Кітап қасиетті ұғым ретінде бағалануы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткен болатын. Осы мақсатта биыл  «Қазақстандағы балалар мен жасөпірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады.
Осы орайда кітапханаға 365 дана балаларға арналған әдеби кітаптар сонымен қатар роман, хикаялар тағы басқа да жанрда әдебиеттер келіп түсті.  «Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы» дегендей, аудандық кітапханамызға  келіп түскен кітаптарды атап өтсек.
Ә.Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері» атты кітапта Жоңғар Алатауының етегінде Бүйен өзені ағып жататын кішкентай бір ауылда болған оқиға баяндалады. Соғыстан қайтқан ер адамдар саусақпен санарлықтай болғандықтан, бар ауыртпалық әйелдер мен балаларға түскені жайлы жазылады. Ал «Қазақ халық ертегілерінде» Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен көлтауысарларды жолдас еткен Ер Төстік, Алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.
С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романы халқымыздың басына қайғы салған Семей полигоны мен одан келген зардап пен зауал жайлы. Полигон зардабын тартқан қасіретті ананың зарын, оған қарсы шыққан қайсар ананың өр рухын бейнелейді.
 «Періштелердің өлімі» атты роман-хикаяттар жинағында автор Т.Нұрмағанбетов бүгінгі заманның ащы шындығын шұрайлы тілмен суреттей отырып, сан алуан тағдырлы адамдардың көркем бейнесін сомдайды. Шығарма әлеуметтік терең астармен де, кейіпкерлерінің жан-дүниесін аса шеберлікпен аша білумен де ерекшеленеді.
Сондай-ақ жаңа кітаптардың бірі – М.Жылқыбаеваның «Құпия күштер құдыреті» туындысы. Бұл еңбек Жамбыл жыраудың жалпыға айтылмай келген белгісіз қырларын көрсетуге арналған. Өмірінің бар болғаны кейінгі 10 жылында ғана мемлекеттік қамқорлыққа алынған ақынның одан бұрынғы 80-90 жылдық өмірі жұртшылыққа белгісіз боп келгені мәлім. Жамбылдың өмірімен байланыс­ты кейбір мәліметтерді оның көзін көріп, дәмдес болған қариялардан жазып алып Қазан төңкерісіне дейін Жамбыл ақынмен жиі араласқан кісілердің айтқандарын қағазға түсірген. Дәл осы автордың «Алтын адамның мұрасы»  дүниежүзінде бұрын-соңды ашылмаған аса құнды ғылыми мәліметтерді, тың деректерді қамтиды. Ғалым көне тілдегі жазуларды қазіргі тілге аудара отырып, ғылыми мәліметтерді қарапайым тілмен жеткізуге тырысқан. Ал осы еңбектің үшінші томынде «1970 жылы Есіктен ашылған Алтын адамның жазуы «оқылды» деген әңгіме осы жылдар ішінде әр жерде айтылып жүр. Алайда соның бірде-бірінде нақты мәлімет жоқ. Алтын адамның жазуын оқу үшін не керек? Бұндай үлкен іске ұмтылған кісіде соған сай білім болу қажет. Екіншіден, Алтын адамның құпиясын шешу үшін ол өмір сүрген кезеңдегі бабалардың тілін ұғып, затын танып алуға тиіссің. Ондай қабілет болмаса бүгінгі біздің замандағы білім деңгейімен, қазіргі тілмен Сақ дәуіріндегі жазуды қалай оқып, түсіне алмақсың?»  сынды сұрақтарға жауап берген.
Назерке ЖҮСІПБЕКОВА,
аудандық кітапхананың
библиографы
30 маусым 2021 ж. 2 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031