» » Мал дәрігерлік емханасы

Мал дәрігерлік емханасы



Кеңес Үкіметі кезінде мал басын сақтауды, өсірудің аса қажет шараларының бірі арнаулы білімі бар бар мамандара екен ескертіп Қазақстан Республикасы бойыншп Абай атындағы педагогикалық институттан кейін екінші болып 1929 жылы Аламты малдарігерлік-зоотехникалық институты ашылған. Бітіп шыққан мамандар шаруашылық құрылымдарына барып, жұмыс атқарған. Жалпы ветеринария саласының дамуына негіз болған елімізде, аймағымызда Қызылорда облысының ауылшаруашылық басқармасының әлеуметтік дамуына тың серпін беріп, сенім артып биікті жоғарыда ұстауына тілек мол.
 Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының 1951 жылғы 28 тамыз айындағы №520 санды бұйрығы негізінде 1951 жылы 20 қазан айында №1 бұйрығымен Қармақшы ауданаралық малдәрігерлік баклабораториясы құрылған. 1951 жылы 20 қазан айында №2 бұйрығымен мал дәрігер Владимир Новиков Иванович меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі  Ағыбай Мантаев, мал.дәрігерлік санитар Елена Шишинкова Савельевна, бас есепші Евгений Тен Арсеньевич болып тағайындалған. Білімдерін жетілдіру үшін Ленинград қаласына жіберіліп отырған. 1 қаңтар 1954 жылы мекеменің аты Қармақшы аудандық малдәрігірлік емханасы болып қайта аталған. Ұлы Октябрь социалисттік революциясы 37 жылдығына орай 06.11.1954 жылғы №39 бұйрыққа сәйкес қызметкерлер Е.С.Цой, А. Мантаева, В.А Бахарева, Ж.Аккасимовалар марапатқа ие болған. Қармақшы аудандық атқару комитетінің жөн сілтеуі бойынша және лаборатория қызметкерлірінің ынтасымен 1955 жылдың көктем айынан бастап лаборатория ауласына жеміс және сәндік өсімдік ағаштарының көшеттерін отырғызып, олардың жақсы өсіп кетуіне арнайы Сыр-Дария өзенінен күнделікті кезекпен су тасып көркейту жұмыстарын жүргізген. Негізгі жұмыстары ұжымшарлардағы және басқа да елді мекендерден малдардың түрлі ауруларын зерттеп, емдеу, аурудың алдын алу шараларын жүргізіп отырған. Сонымен қатар елді мекендегі халыққа қызмет көрсетті мекемелерге залалсыздандыруды жүргізген. Атап айтатын болса сол кезеңде Май зауытына, наубайханаларға қызмет көрсеткен.
Қармақшы аудандық малдәрігерлік емханасы 1963 жылдың қаңтар айынан бастап құрамында малдәрігерлік сараптау зертханасы бара Қармақшы ауданының малдәрігерлік стансасы болып қайта құрылып жұмыс жасаған.
Елімізде мал басын көбейтуге, аман сақтау, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға, жалпы мал шаруашылық өнімдерін еселеп арттыруға байланысты өткен ғасырдың 60-70 жылдары ветеринария саласына ерекше көңіл бөлінген.
Осы кезеңдерде ауданда ветеринария саласы бойынша бірнеше мекемелер болған. Олар жоғары білікті кадрлармен толықтырылып отырған. Материалдың-техникалық базасы нығайтылып, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі жақсарған. 1970 жылдары аудандық ветеринариялық сианса Жосалы кентіндегі Алтысарин көшесінде орналасса, ветеринариялық лаборатория Қорқыт-ата көшесінде казіргі СЭС орталығының Қармақшы филиалы орналасқан жерде жұмыс жасады. 1973 жылы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі кешенді құрылыс пайдалануға беріліп, Қармақшы ауданының малдәрігерлік лабораториясы, Қармақшы аудандық малдарәгерлік дезинфекция отряды, Қармақшы малдәрігерлік аптекасы болып орналасып, бірлесе жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік жасалды. 1977 жылдан бастап аудандық мемлекеттік малдәрігерлік бас инспекторы құзыреті беріліп жоғарыдағы мекемелердің жұмыстарын үйлестіріп және бүкіл аудандағы кеңшарлар мен ұжымшарлардағы және жеке шаруашылықтардағы ветеринария жұмыстарына басшылық жасады, әрі тиісті көмектер көрсетіп отырды. Малдәрігерлік лаборатория аудан көлеміндегі алынған сынымаларға жұқпалы ауруларды анықтауға, бактериологиялық, биохимиялық-токсикологиялық зерттеу жүргізді. Базарлардағы ет-сүт өнімдеріне малдәрігерлік-санитарлық зерттеулер, ауданнан басқа өңірлерге, қалаларға шығатын ет өнімдерін тексеріп, тиісті қорытындысын беріп отырған. Сондай-ақ ауданда мал басын өз төл есебінен көбейту мақсатында буаз биелерден қан алып, лабораториялық жағдайда қан сарысуын (СЖК) дайындап, оны қашыру кезінде пайдаланып, әр аналық қойдан 2-3 қозы алуға қол жеткізіп отырған.
Ауданның, елді мекендердің  ветеринарларын Алматы, Шымкент қалаларындағы Зооветеринарный институтына  біліктіліктілерін  артыру  үшін  жіберіліп отырылған.
Ауданның малдәрігерлік стансаға Мамбаев Ж., Кенжалиев А., Тоқшылықов К.,  Юн Николай, Мусаев Н. Абдуллаев Ж., А. Құлдүйсеновтер әр жылдары басшылық жасаса, ауданның лабораторияға  Новикова В., Коруно В., Әйекенов К., Мусаев Н., Қосмұратов Қ., Құлдүйсенова Ә., Кенжалиев А., Баймұратов Н., Зарикова Ш., директор болды. Ауданның малдәрігерлік –снитариялық отрядттың басшысы Әйекенов Қ., болса, аудандық малдәрігерлерге аптекада ұзақ жылдар бойы Борзикова М. Мен Р. Абдрахмановтар еселі еңбек етті.
Егемендік алғаннан кейін ветеринария саласында бірнеше өзгерістер болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы №552 «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігі Малдәрігерлік қадағалау комитетінің ведомстволық құзіретіне қарайтын ұйымдар туралы» қаулысына сай аудандық малдәрігерлік стансасына малдәрігерлік –санитарлық сараптау зертханасы бөлініп облыстық РМК лабораториясына берілген.
           ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі №494, «ҚР Ауылшаруашылық  Министрлігінің Малдәрігерлік Қадағалау Комитенінің мәселелері» туралы қаулысы және ҚР Үкіметінің 1999 жыл 24 қыркүйектегі №1451 санды қаулысы негізінде Қармақшы аудандық мал дәрігерлік қадағалау бөлімі болып, Қармақшы аудандық аумақтық басқармасы болып құрылған. Бұл басқармаға ветеринария саласынан басқа мал тұқымын асылдандыру, өсімдік қорғау, ауылшаруашылығы техникаларын түгендеп есебін жүргізу, төрт түлік малды бірлендіру, басқа өңірлерге шығару мәселелері бойынша жұмыс ауылы белгіленіп, берілді. Басқармаға Н.Мусаев, Қ Тиыновтар басшы болып жұмыс жасады. 2001 жылы ҚР Үкіметі малдар мен үй құстарына түрлі ауруларының алдын алу, емдеу, залалсыздандыру жұмыстарын алдын алу, емдеу, заласыздандыру жұмыстарын мемлекеттік жүйеден алып, бәсекелестік ортаға жіберу туралы шешім қабылдап, мемлекеттік малдәрігерлік стансалар жабылды. Ауданға «Ветсервис»  ЖШС құрылып, бұрынғы малдәрігерлік стансаға жүктелген жұмыстары тендр арқылы  алып жұмыс жсаған. Аудан аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алып, мал басын өсіруге жұмыстар жасап келген.
         Мекеменің негізгі жұмысы ауданымызда  малдардың, үй құстарының түрлі аурулардың алдын алу, егін шаруашылығындағы зиянкестермен күресі. Мысалы : құс тұмауынан,  дерамтомикоз, эхинококкоз, альвеококкоз ауруларымен күресіп келген.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» кмм-нің
Қармақшы аудандық филиалының ІІ санатты архивисті   А.Мешітбаева
28 маусым 2021 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031