» » Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Жаңа кітаптың тұсауы кесілді


Жүз шайыр шыққан қасиетті жер Тұрмағамбет ауылында тағылымы мол, жыр сүйер қауымды қуантқан жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Ол осы ауылдың тумасы Бақыт Абуовтың «Жырым сенсің, туған жер» атты жыр кітабы. Салтанатты жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, ауыл әкімі Мұрат Алдамұратов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ержанов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Үрліхан Өндібаева, еңбек ардагерлері Ж.Жакеев, Ө.Кенжеғұлов, М.Сарыөзенов Ә.Қуаңбаев пен ауыл тұрғындары қатысты. Арнайы келген қонақтар ақынға ізгі лебізін жеткізіп, құттықтау тілек білдірсе, жас жыраулар Ә.Мырзағалиұлы, Ш.Мархабатова, А.Оңғарқызы ақын жырларынан жыр-терме орындап, көптің көңілін серпілтті.  Ал Ш.Қыстаубай ақын тұсаукесер кешіне арнау-өлеңін оқыды.
Бұл кітаптың шығуына, тұсаукесер кешінің өтуіне мұрындық болып, демеушілік жасаған ауылдың атпал азаматтары Қайрат Тоғызбаев пен «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Нұржан Пірмантаевтар. Олар жерлестерінің еңбегін жарыққа шығару арқылы туған жерге деген құрметін, ыстық ықыласын білдіруде. Ауыл тұрғындары өскен өлкесіне қолдан келгенше көмек беріп, қашанда қол ұшын созуға даяр осындай азаматтардың барына дән риза.
Жыр керуенінің жаңа есіммен, жаңа жыр жинағымен толығуы – бұл сүлейлер елінде болуы керек заңды құбылыс. Көпшілік жыр әлеміне жастайынан келсе, Бақыт Абуов 48 жасынан өлеңге ден қойған. Оны өз шығармасында:
«Қанмен келген қасиетті,
Түсініп жайын шабыттың.
Тербеген жүрек сырымды,
Елуге таяп ағыттым» деп әдемі жеткізе де білген.
Жаңа жыр жинақта туған жерге, ауылға деген сағыныш сипатталып, рухани ел тұлғаларына деген іңкәрлік, Отанға деген адалдық сезіледі. Егеменді қазақ елінің жарқын болашағы, еңбек адамдары мен тіл, дін, отбасы тақырыптары да қамтылған. Мағыналы жырдың иесі алдағы уақытта да сезімге толы сырлы, тәлімге толы құнды жырларымен халқын қуанта бермек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
26 маусым 2021 ж. 2 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930