» » Жүйелі жұмыстар жалғаса береді

Жүйелі жұмыстар жалғаса береді

10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз конференциясын өткізді. Ол мемлекет басшысының тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Баяндады.

Облыстың алыс ауылдарында екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған. Өңірде індеттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасқан. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген. Өңірде вакцина салдыруға қажетті 106 екпе бөлмесі ашылған. Оның 91-і ауылдық жерде орналасқан. Айта кеткен жөн, 1 ақпаннан бері облысқа QazVac-in, HayatVax, Спутник-V вакцинасының І компоненті бойынша 129050 келіп, оның 74 проценті салынған. Ал екінші компонентінде 87 300 жеткізіліп, оның 46,8 проценті егілген.
Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, аймақта 54 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Облыста жыл ішінде жалға берілетін 945 пәтерлік 54 үйдің, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 үйдің құрылысы жүргізілмек. Жыл соңына дейін жеке тұрғын үй құрылысын қосқанда, шамамен 645 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6 процентке артық. Сондай-ақ, аймақта күріш егісінің көлемі 80 мың гектарға дейін қысқарған. «Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, ауылшаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде шараларды қабылдаудамыз. Аймақтағы топырақтың қатты тұздылығын ескере отырып, біз күріштен толықтай бас тарта алмаймыз. Дегенмен, күріштің егіс алқаптарын азайтуға жұмыс жүргізудеміз» деді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңірде күріш егісі көлемі 89,5 мың гектардан 83 мың гектарға дейін қысқарған. Келешекте бұл көрсеткіш 80 мың гектарға дейін қысқармақ. Айта кеткен жөн, қазір күрішті суға бас­тыру 100 процентке орындалған. Сонымен қатар ауылшаруашылығына ылғал үнемдеу технологияларын енгізу қолға алынуда. Өткен жылы облыс­та пилоттық режимде аквагельдерді қолдану сынақтан өткізілген. Биыл бұл тәжірибені кеңейтіп, жүгері мен жоңышқа өсіру үшін жаңбырлатып суару тәсілі енгізілмек.
Жыл соңына дейін қызылор­далық­тардың 67,4 проценті көгілдір отынның игілігін көрмек. Сыр елінде 1 жылда 6 мектеп пайдалануға берілді. Бірнеше ауылда 5 спорт кешені салынады. Әдетте банк тарапы қызығушылық таныта қоймайтын жобаларға жергілікті билік тарапынан қолдау күшейген. Бір жыл ішінде ауылдағы кәсіпкерлердің 143 жобасы мақұлданыпты. Қолдау тапқан кәсіп түрлері негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, балық өсіру және қызмет көрсету саласына бағытталған.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл Қызылорда облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай азат елдің жетістіктерін насихаттайтын 12 тақырыптық бағыт бойынша 266 түрлі форматтағы іс-шараларды қамтитын облыстық кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Жыл басынан бері 70 іс-шара өткізіліпті. Сонымен қатар аймақта ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге және ел тарихын зерттеуге ерекше назар аударылуда. Осы жылдың мамыр айында ең ежелгі өркениет орталықтары болған қалалар – сақтардың астанасы Бәбіш мола, оғыздардың бас қаласы Жанкент, қыпшақтар мен Қазақ хандығының астанасы – Сығанақ қалаларының орнында археологиялық зерттеулер басталған.
Мал басының барлық түрінен өсім байқалуда. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі аймақтық бағдарламасы жүзеге асуда. 543 млрд теңгеден асатын 41 инвестициялық жобаны іске асыру да жоспарланған. 16 тойхана өз бизнесін қайта бағдарласа, шыны зауыты да облыс әкімінің бақылауында болмақ.

Айнұр ӘЛИ
12 маусым 2021 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 263

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930