» » Байқоңырда тұрғын үй салу жалғасады

Байқоңырда тұрғын үй салу жалғасады

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің журналистерге арналған брифингі өтті. «Жылдам хабар алғызған» уақытта Гүлшара Наушақызының аймақ басшысы ретіндегі БАҚ өкілдеріне арналған алғашқы брифингін тікелей эфирден бақыладық.
Онда ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді орындау мақсатында жасалған жұмыстар мен ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.
– Пандемия қалыпты тіршілікке өзгеріс енгізді. Дегенмен, Президент қабылдаған шешімдердің арқасында негізгі басымдыққа ие салалардағы көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген жоқпыз, – деді брифинг басында облыс әкімі.
Биылғы 9 айда өнім өндіру 3,5 процентке артса, ауыл шаруашылығындағы көрсеткіш 3,1 процентке жоғарылаған. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4 процентке дейін өсіпті. Ал 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл – 0,4 процентке жоғары. Сондай-ақ, өңірде өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі 69,5 процентті құраған. Аймақ басшысының айтуынша, облыста жұмыс істеп тұрған кен орындары сарқылып келеді. Осыған орай аймақта жаңа кен орындарын зерттеу жүргізіліп жатыр. Биыл Сыр диқандарының суармалы суға байланыс­ты көп қиындық көргені рас. Ендігі осы өзекті мәселені шешу мақсатында өңірде 6 су қоймасы салынбақ. Гүлшара Әбдіқалықова аймақта балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданғанын да атап өтті. Облыс мал шаруашылығы бойынша алдыңғы шепте. Ол үшін 33 жоба жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығында өткен жылы өңірде ірі қара мал саны – 4,4 процент, қой мен ешкі – 5,5 процент, жылқы – 8,5 процент, түйе – 5,3 процентке өскен.
Облыста жыл басынан бері 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Оның тұрақтысы – 14 мың. Ал Байқоңыр қаласындағы қазақстандық тұрғындар үшін көппәтерлік тұрғын үйлер салынбақ. Биыл облыста 1946 пәтерлік 98 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. 969 пәтерлік 74 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Келер жылы Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үй салу жалғасады. Айта кеткен жөн, бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 30 жылда алғаш рет 250 пәтерлік бес тұрғын үй салынған болатын.
– Кезекте тұрған 1300-ден астам қазақстандықты ескере отырып, Байқоңыр қаласында тағы да елу пәтерлік 5 үйдің құрылысын 2021 жылы бастау туралы шешім қабылданды. Үкіметтің қолдауы нәтижесінде инженерлік коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін де шешеміз, – деді аймақ басшысы.
Брифингте облыста ауыз су және көгілдір отынмен қамту, жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны да айтылды. Бүгінде облыс халқының 97 проценті орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және халықтың 63 проценті табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, аймақта 498 шақырымнан астам көлікжол, көшелер мен көпір өткелдері жөнделген. Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің спорт саласындағы жетістіктері де аз емес. Мәселен, жыл соңына дейін бюджет есебінен тағы 12 жаңа спорт нысанын, соның ішінде байдарка мен каноэде есу базасы салынбақ. Ал облыста коронавирус инфекциясының болуы мүмкін екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Халыққа бірінші кезектегі қажетті дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Жыл басынан бері қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 36 процентке – 4843-тен 3108-ге дейін қысқарған. Облыстың 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму Картасы» әзірленген. Оның аясында экономиканың түрлі салаларында 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба іске асырылады. Бұл өз кезегінде 4600 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылғы жылға 26 млрд теңгені құрайтын 110 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде, 2 мың азамат жұмысқа қамтылған.
Су тапшылығына қарамастан өңірдегі күріш өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға артық жиналды. Гектарына 61,8 центнер өнім алынып, 550 мың тоннадан астам күріш қамбаға құйылды. Экономиканы әртараптандыру арқылы өңірде жаңа өнім өндіріліп, экспортқа шығатын тауарлар көбейген. Мәселен, биылдан бастап алғаш рет Ресейге мұздатылған көкөніс пен қызанақ жеткізілсе, Германияға 420 тонна қамыс жіберілген. Жалпы әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталған.
Айнұр ӘЛИ
24 қараша 2020 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031