Жемқорлық індетті жеңу - міндет
Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елімізде ең күрделі мәселенің біріне айналды. Сыбайлас жемқорлық қандай да бір мемлекеттің саяси және қоғамдық дамуына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы Қазақстан халқының әлеуетін арттыру мақсатындағы жыл сайынғы Жолдауларында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болып кел жатқанын ерекше атап айтып келеді. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. осы ретте, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында елімізде қабылданған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңның маңызы зор. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, сонымен бірге қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Айгүл АБДУЛХАМИДОВА,
Қармақшы аудандық
Қазынашылық басқармасының қаржы және шартты тіркеу тобының
бас маман-бас қазынашысы
Қазынашылық басқармасының қаржы және шартты тіркеу тобының
бас маман-бас қазынашысы