» » Суға шомылуға бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі

Суға шомылуға бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі

Облыста өзен және көлдерге суға шомылуға бірінші маусымнан бастап рұқсат етіледі. Қазір арнайы орындар дайындалып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Тоғызбаев мәлімдеді.
Төтеншеліктер су шомылу маумсына сақтық шараларына аса мән беру қажеттігін ескертеді. Жедел-құтқару жасағында 54 сүңгуір маманы, 18 бірлік техника, 16 дана ілмелі моторлар және 29 жүзу құралы бар.
- Жаз айларында тұрғындар демалыстарын өзен-көлдердің жағасында өткізеді. Қарапайым ережелерді сақтамағаннан бақытсыз жағдайлар орын алады. Арнайы белгіленбеген орынға мүлдем суға түсуге болмайды. Қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолданғандарға шара көріледі. Қазір рейдтік шараларды көбейтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз, - деді Асхат Талантұлы.
Осыған дейін, судағы қауіпсіздік ережелері онлайн режимде 195 оқушыға, алғашқы көмек көрсету тәсілдері 7 интерактивтік сабақ арқылы түсіндірілді.
25 мамыр 2021 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930