» » Оразадағы оңды істер

Оразадағы оңды істер

Ораза –  сабыр мектебі. Рамазан – рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын қасиетті ай. Бұл айда игі істер жасалып, сауапқа кенеледі. Ендеше оразадағы сауапты іс-шаралардың бір парасын түгендеп көрелік.
«1000 теңгеге баспана» жобасымен талай жанға үміт сыйлап, басына баспана сыйлаған «Харекет» қайырымдылық қоры бұл жолы да бір отбасын қуантты. Иә, 440-шы баспана кілті аудан тұрғыны, 8 бала тәрбиелеп отырған толық отбасы Нұрболат аға мен Гүлназ анамызға табысталды. Кілтті «Достық Жер МК» ЖШС директоры Мұрат Абайұлы табыс етті. Шеттей бала-шағасын асырау үшін 10 жылдан аса пәтер жағалап, ешкімге алақанын жаймай, қара жұмысқа жегілген жандардың халыққа айтар алғысы шексіз. Сонымен бірге «Харекет» қорының аудандағы еріктілері «30 күнде – 30 са­уапты іс»  акциясы аясында 5 күндік сауапты іс-шарасын өткізді. Әлеуметтік әлжуаз төрт отбасының балаларын киіндірді. Автобустағы жолаушыларға, дүкендегі, көшедегі ауызы берік кісілерге ауызашар қоржынын берді. Қарттарға бір күндік тегін такси қызметін көрсетті. Демеушілермен бірігіп жағдайы төмен отбасыларға жұмыртқа қорабын таратты. Одан соң «Ораз ахун» мешітінің айналасына сенбілік жүргізіп, гүл екті.
Ал қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде «Ел үлесі пәтерге» атты жоба аясында  «Зекет» қоры мен  «Демеу» еріктілерінің ұйытқы болуымен, халық қолдауымен 6 бала тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптыларға 388-ші баспана кілті  берілді.  Іс-шараға ҚМДБ-ның облыс бойынша бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы игі іске атсалысқан барша жамағатқа, демеушілерге алғысын білдіріп, баспана кілтін табыстап, кілем сыйлады.  Ал  «Зекет» қорының өкілі Оңталап Жидебаев пен ауданның бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлының ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға «Рамазан керуені» қайырымдылық қоржыны таратылды.
– Бізге сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша халыққа, №27 мектеп түлектері, сыртта қызметте жүрсе де, бір отбасының баспаналы болуына үлес қосқан Нұрғиса Сәбитұлы мен Ақылжан Өтеновке, Айнұр Ешмұратоваға және ауданымыздың барша кәсіпкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз, – дейді «Демеу» еріктілер тобының жетекшісі Әсем Мерекова.
 Одан соң Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің 1991 жылы туған түлектері 50 отбасына азық-түліктер үлестірді. Осылай Тәуелсіздік құрдастары да игі іске атсалысты.
Ал Ақтөбе ауылының 1983 жылы туған жігіттері мен қыздары ұйымдасып, күтпеген жерден Талдықорған қаласында тұратын құрдасы Ғалымжан Қуандықов пен Гүлзат Камилованың ұлы, 17 жастағы Ақжол Қазбековке үлкен көлемде қаражат жинап, қуаныш сыйлады.
«Ақжолға тумасынан диагноз қойыл­ған. Үлкен қалаларға апарып, тексертіп, еш емін таппаған ата-анасының қуанышында шек жоқ» дейді олар.
Ақжолды әкесінің құрдастары тік­ұшаққа билет алып, Талдықорғаннан Қызылорда қаласындағы «Қанат» спорт­тық-сауықтыру орталығына әкеліп, тек­сертіп, емдетуде. Алған емнің нәти­жесінде 17 жыл бойы төсекке таңылған Ақжолда көп өзгеріс бола бастапты. Осы орайда бозбаланың ата-анасы ауыл азаматтарына,  Ақжолдың дәрігері Сәкен Төлепбергенұлына алғаусыз алғысын айтады.
Көмекке мұқтаж адамға қайы­рымдылық жасау да сауабы мол амалдың бірі. Ораза Айт мерекесіне орай ІІІ Интернацио­нал ауылының азаматы, «Ақ ниет» шаруашылығының директоры Абдулла Муратов пен «Қармақшы Демеу Травел» бірлесіп көпбалалы отбасыларға азық-түлік, балаларына тәттілер, ойын­шықтар сыйласа, «Чудо» кафесінің қолдауымен жалғызбасты қарттарға ыстық тамақ, бәліштер таратылды.  Осындайда тасымалға қолұшын созған автоволонтер, №27 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрмаш Тұрабаевтың есімін атап өткен де жөн болар.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиенің айқын көрінісі. «Қайырым­дылық жасасаң, қайырын өзің көресің»  деген халқымыздың игі дәстүрі осылайша қайырымдылық іс-шарасымен жалғасып келеді.

Айнұр ӘЛИ
18 мамыр 2021 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031