» » Жұмыста – жауынгер

Жұмыста – жауынгер

Халықпен жұмыс істеу өте қызық әрі қиын. Қаншама адамның тілін табу табиғаты көркем жанға ғана тән қасиет. Әсіресе соңғы бірер жылда пандемиямен әбігер болған жұрт шаршаңқы. Ештеңеге көңілдері толмайды. Ауырса, ауруынан айықпаса біреу кінәлі. Жаппай вакцина алу маусымы басталғанымен жұрт аталған екпені алуға әлі қорқады.
Жаңа туған сәбиден, егде жастағы кәріге дейін белгілі бір уақытта скрингтен өту тәртібі белгіленген. Өз денсаулығы үшін сол тексеруден өтуді қиынсынатындар да кезігеді. Айтып айтпай не керек осындай көзге көрінбейтін көп жұмыспен айналысатын, өзіне бекітілген аймақ тұрғындарының денсаулығы үшін алаңдайтын, халық саулығы үшін шырылдайтын бір мамандық иесі бар. Ол – мейірбике. Мейірбикелер күніне орай «Шипагер» емханасының меңгерушісі, дәрігер Айгүл Байменоваға хабарласқан едік. Ол мамандығына адал, жұмысына ұқыпты, тындырымды, үлкен жауапкершілік иесі, жоғары санатты мейірбике Жанар Аймаханованы өзге әріптестеріне үлгі ететінін білдірді. Дереу Жанар Бақытбекқызымен тілдесіп, қызметі жайында аз-кем әңгімелескен едік.
Ұдайы қозғалысқа толы әлемде түрленбей жатқан сала жоқ шығар. Соның бірі медицина десек, өзгерістердің ауқымды бөлігі медбикелер жұмысына да қатысты. Қазіргі мейірбике менеджерлік, педагогтық-психологтық және көшбасшылық қабілеті бар маман бола білуі керек. Заман талабына сай әркез білімін жетілдіріп, сауаттылығын арттырып, көппен тіл табыса білгені жөн. Медицина мамандығын таңдаған жан мәдениетті, білімді, білікті, парасатты болғаны абзал. Сонда ғана ол құрметті, қадірлі, абыройлы, сыйлы. Біз айтып отырған кейіпкер осы талап үдесінен шыға алған маман. Жосалы кентінде дүниеге келген Жанар №183 орта мектептің түлегі. Түркістан қаласындағы медициналық колледжде білім алған. Теңім деп тапқан азаматы Ардақ Ермахановпен отбасын құрып бүгінде 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған ана. 16 жылдан бері «Шипагер» емханасында еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде жұмысынан бір мін шығып, басшылықтан ескерту алмаған. Өйткені сүйіп таңдаған мамандықты бар жан-тәнімен атқарады. Маманның жұмысына көңілі толатын ардагер Қуанышбек Кенебаев:
– Адам бар жағынан жүз процент керемет болмайды. Ал мен бұл маманға сол жоғары бағаны берер едім. Кез келген уақытта көмегін көрсетуден аянбайды. Дәрі егу, система салу, емхана тарапынан көрсетілетін барлық қызметті жылдам әрі жауапкершілікпен көрсетеді. Еңбегіне абырой тілеймін. Ардагерлердің ақ батасын алса жаман болмайды, – дейді тілегін білдіріп.
Жұмыспен қатар үй шаруасына үлгеріп жүрген жан өнегелі келін. Ол пандемия кезінде тәуекелге бел буып, көмек сұрағандарға қолұшын созған. Адамдарға қамқор болуды кішкентайынан санасына сіңіріп өскен. Індетпен күресте алғы шептен көрінген медбике табандылық танытып, жерлестерінің құрметіне бөленді. Оның еңбегін әріптестері де жоғары бағалайды. Жұмысына тиянақты Жанар Бақытбекқызы ұжымға сыйлы, науқастарға қадірлі.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
15 мамыр 2021 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031