» » Молшылық көзі – ағарған

Молшылық көзі – ағарған

Ағарған жанға – дауа, дертке шипа. Бүгінде дүкен сөрелерінде сүт өнімдерінің түр-түрі бар. Әйтсе де "Тұрмағамбет" шаруашылығы жанынан ашылған шағын сүт өңдеу зауытының өнімдері сұранысқа ие. Тіпті зауыттан шығатын қатығы мен қаймағын іздеп, дүкен аралайтын жандар да жетерлік. Себебі мұндағы ағарғандардың дәмі ерекше. Жақында Тұрмағамбетке барған сапарда зауыт жұмысымен танысып қайтқан болатынбыз.
Жаңадан ашылған шағын сүт зауытының санитарлық тазалығы мен басқа да талаптары қатаң сақталған, заманауи технологиямен жабдықталған, қондырғылары бар өндіріс орны жаңа ғимаратта жайғасқан. Ақ жейде киген, технолог-мастері, зертханашысы, жеткізушісі – баршасы өз қызметінің шебері дерсіз. Арнайы сүт пісіретін аппараты, сеператоры, дайын өнімдерді сақтайтын арнайы бөлме де жасақталып, жарақтандырылған.
Мұнда айранның 3,2 проценті, 2,5 проценті, майсыз түрі өңделсе, сүттің 3,2 проценті, 2,5 проценті шығарылады. Ал сүзбенің 5 проценті, қаймақтың 15, 20 процент түрі өндіріледі.
Зауыт 2019 жылы іске қосылған. «Тұрмағамбет» ЖШС-ның тапсырысымен салынған бұл нысанның жалпы құны 30 млн теңгені құрайды. Сұйық отынмен жылытылатын сүт өңдейтін зауытта 16 бөлме бар. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
– Өздеріңіз білетіндей, сүттен өндірілетін өнімдеріміз әртүрлі. Сүттен басқа айран, сүзбе, қаймақ секілді өнімдерді өндіріп жатырмыз. Сонымен бірге, өнімдердің тағы 2-3 түрін өндіруді қолға алмақ ниеттеміз. Біздегі техниканың күші жартылай автомат. Яғни адамның көмек қолымен ары қарай жүргізіледі. Сүт енді көбейіп жатыр. Оны өзіміздің ауыл мен көршілес екі ауыл­дан әкелеміз. Бір тәулікте 1 тонна өнім шығарылады. Екі күнде бір дайындалған өнімдер аудандағы көтерме сауда орын­дарындағы бағадан төмен өткізілуде. Болашақта йогурт пен балмұздақ дайындап шығаруды да ойластырып жатырмыз. Қазірде алғашқы балмұздақтарды шығарып үлгердік. Оны сұранысқа сай күніне 10 келіге дейін ауыл дүкендеріне өткізіп отырмыз, – дейді зауыттың технолог-мастері Берік Құрманғалиев.
Сүт өнімдері табиғи, ешбір қоспасы жоқ. Сол себепті де олардың жарамдылық мерзімдері аз. Мәселен сүттің жарамдылығы 7 күн болса, айран мен қаймақтың жарам­дылық мерзімі 14 күнді құрайды.

Түйін.
Сүт тағамдарын халық бір сөзбен "ақ" деп атайды. Осы ақтан түрлі тәтті өнімдер алынады. Ал ағарғанды молшылық көзіне айналдырып, ауыл тынысының сәнін кіргізген зауыттың болашағының жарқын болатынына сенеміз.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
05 мамыр 2021 ж. 700 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031