» » Праймериз жаңа көшбасшыларға жол ашты

Праймериз жаңа көшбасшыларға жол ашты

Бүгінде адамзат қоғам өміріне белсене араласқысы келеді. Мұны «Nur Otan» партиясының жария түрдегі партияішілік іріктеуі айқындай түскендей. Ел болашағына алаңдаған, тың идеялары бар жаңа көшбасшылар анықталып, саяси додаға көпшілік қызығушылық тудырды.
Аудан бойынша праймеризге жалпы саны 62 кандидат тіркелді. Оның 43 проценті әйелдер болса, 40 проценті 35 жасқа дейінгі жастарды құрады. Үміткерлердің үгіт-насихат жұмысы кезінде 10 дебат ұйымдастырылды. 95-ке жуық кездесу өткізіліп, 120-дан астам ұсыныс жинақталған.
Төрт күнге созылған дауыс беруге аймақ бойынша 5120 партия мүшесінің дауыс беруі жоспарланды. Сайлаушылардың басым бөлігі, яғни 4061 адам онлайн дауыс берді. Ал 916 адам дәстүрлі партиялық әдісті пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, бюллетень арқылы дауыс берді. Қармақшылықтардың дауыс беру көрсеткіші 97%-ті (4977) құрады.
Жақында «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Мұса Қалдарбеков праймериз қатысушыларымен кездесті. Онда аудан бойынша праймеризге қатысқан барша үміткерді құттықтап, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың атынан алғыс хаттар табыстады.
– Мұндай іріктеу елде алғаш рет өткеніне қарамастан, көпшілік ерекше қызығушылық танытты. Сайлау қорытындысы бойынша барлық мәлімет «Праймериз» ақпараттық жүйесіне толық салынды. Баршаға қолжетімді. Кез келген адам қалаған уақытында кіріп, өзіне қажетті ақпаратты көре алады. Праймериз аймақтың қоғамдық-саяси өміріне қажетті партия мүшелерін таңдауға көмектесті. Сондайақ олар рейтингіне қарамастан, партияның консультативтік кеңес органдарына енгізіледі. Саяси аламанға белсене қатысқан үміткерлерге алғысым шексіз, – дейді аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов.
Жиын барысында праймериз қатысушылары да өз ризашылығын білдірді.
– Мен «Nur Otan» партиясына осындай мүмкіндік бергеніне алғыс білдіремін. Себебі мұндағы әрбір кездесу мен танысқан әрбір адамнан жаңа дүниелерді үйрендік. Біз үшін өмірлік мәні бар зор тәжірибе кезеңі болды. Праймериз бізге жаңа дос, сырлас тауып берді, – дейді жобаға қатысушы Ғалымжан Кәрібаев.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
12 қазан 2020 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031