» » Тапқыр болсаң, озып көр

Тапқыр болсаң, озып көр

Байқаудың алғашқы күні бірлестіктер «Бірлестігім – мақ­танышым» тақырыбында өз бірлестігін таныстырды. Атап айтқанда «Интеллект» бірлестігі заманауи әуенге бірлестік туралы таныстыру жасап, бейнебаян арқылы толықтырды. «Асыл мұра» бірлестігінің таныстыруында заманауи әдіс – құммен сурет салу қолданылған. Мұнда әр бірлестіктегі үйірме жетекшісінің аты-жөні, суреті құммен таныстырылды. «Мирас» бірлестігінде ән, би қимылдары, бейнебаяндары үйлесім тапты. Келесі кезеңде, яғни топпен жұмыс кезінде әр бірлестікке түрлі тақырып беріліп, постер қорғау ұсынылды. Атап айтсақ, «Асыл мұра» бірлестігіне «Оқушылардың интернетке тәуелділігі проблемасын шешу жолдары», «Мирас» бірлестігіне «Баланы кітап оқуға баулу жолдары» және «Интеллект» бірлестігіне «Ұлттық құндылықтар негізінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру» тақырыптары ұсынылып, арнайы уақыт берілді. Бұл кезеңде «Асыл мұра» бірлестігі тұшымды пікірлер, жақсы ойлар, идеялар ұсына білді.
Байқаудың екінші күні «Шеберлік­ке шек жоқ» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Тілашар» үйір­месінің жетекшісі Гаухар Байдабаева «Қазақ­тың ұлттық ойындары», «Заманауи дизайн» үйірмесінің жетекшісі Ербол Жұмабеков «Тасқа сурет салу өнері», «Фитодизайн» үйірмесінің жетекшісі Майра Зұлпыхарова «Флорариум», «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі Мархабат Сматова «Қалпақшалы саңырауқұлақтар», «Руханият» үйірмесінің жетекшісі Көркем Құлбарақова «Балалардың қол моторикасын дамытуда жүргізілетін жұмыстар», «Art-дизайн» үйірмесінің жетекшісі Қайсар Каналбеков «Мерекелік кешті шарлармен безендіру» тақырыбында ашық сабақтар өтті.
«Жүйріктер додасы» эстафеталық жарысында командалар «Мәреге кім бұрын жетеді?», «Кім жылдам?», «Таяқшамен жүгіру», «Арқан тартыс», «Капитандар сайысы» деген кезеңдерден өтіп, «Мирас» бірлестігі алдыңғы қатарда болса, «Асыл мұра» бірлестігі екінші орында, «Интеллект» бірлестігі үштікті түйіндеді.
Байқаудың соңғы сайысы «Көшбасшы бірлестік» деп аталды. Интеллектуалды сайыс кезеңдері төмендегідей: «Білгенге маржан», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тұлғалар», «Бейнесұрақ», «Кім көп біледі?» кезеңдерінен құралды. Бұл сайыста «Интеллект» бірлестігі көш бастады.
«Үздік бірлестік» байқауының барлық кезеңінің ұпай санымен «Интеллект» бірлестігі озық шықса, «Асыл мұра» мен «Мирас» бірлестігі өзара теңесті.
Айгүл ӘБДІРЕЕВА,
аудандық оқушылар
үйінің әдіскері
01 мамыр 2021 ж. 872 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031