» » «Феномен Назарбаева» кітабының тұсаукесері өтті

«Феномен Назарбаева» кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ольга Видованың «Феномен Назарбаева» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ 1990 жылы 24 сәуірде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланған және Қазақстанда президенттік институттың құрылуы күні қарсаңында ұйымдастырылды.


Жиынды ашқан Елбасы кітап­ханасының директоры Бақыт­жан Темірболат бүгінгі таңда «Назар­баевтың саяси көшбас­шы­лығы» және «Назарбаев фено­­мені» ұғымдары әлемнің жетек­ші саясаткерлері мен ғалым-зерт­теу­шілерінің басты зерделеу объек­тісіне айналғанын атап өтті.
«Феномен Назарбаева» кіта­бы – көп жылғы қажырлы еңбек­тің нәтижесі. Автордың баға­лауы, кейіпкердің сипаты мен жеке тұл­ғасына және тұтастай оқиға­лар­ға деген өзіндік көзқарасы ба­сы­лы­мның мазмұнына тереңірек үңі­луге мүмкіндік береді. Қазақ­стан­дағы билік транзитіне, сая­си оқиғаларға кәсіби талдау жа­сау жинақтың құндылығын арт­ты­рады. Автор «Мұрагер», «Дуу­м­вират» сияқты тың әрі батыл ұғым­дарды енгізген. Ольга Видованың еңбегі Қазақстанның Тұңғыш Пре­зидентіне деген ерекше құр­меттің белгісі екені даусыз», деді Б.Темірболат.
Кітаптың авторы О.Видова Ресей­дің мәдени мұрасын шетелде насихаттау бойынша ауқым­ды жұмыстар жүргізеді. Оның қа­ламынан посткеңестік кеңістіктегі қазіргі саяси және рухани өмірге арналған кітаптар туған. «Ұлт көш­басшылары» жобасының нәти­же­сінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы қытай, ағылшын және қазақ тілдеріне аударылған кітаптар жарыққа шықты.
Елбасының жеке кітапханасы қорында осы автордың республикада және шетелде бұрын шыға­рылған жинақтары бар. Қазіргі «Феномен Назарбаева» кітабы 2020 жылы «Эксмо» баспасынан «Дәуірдің ұлы саясаткерлері» сериясы бойынша жарық көрді.
Іс-шараға Қазақстан мен Ресей­дің көрнекті саяси және қо­ғам қайраткерлері қатысты. Мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов қазір­гі Қазақстан тарихын зер­т­теу­шілер үшін басылымның құн­ды­лығын атап өтті. «Бұл бір тұл­ға туралы еңбек емес. Жинақта тұ­л­ға­ның қыз­меті арқылы елдің, қоғам­ның өсуін көрсетіп отыр. Қоғам­дағы құ­былыстарды зерттеу арқылы жеке тұлғаның қоғамның әртүрлі өзгерістеріне ықпал ете алатын мүмкіндігі, оған жеткілікті білі­мі, қарым-қабілеті үлкен рөл ат­қа­ратындығы көрсетілген. Осы тұр­ғыдан, бұл біздің рухани қо­ры­­мызға қосылған жаңалық деп есеп­­теймін», деді Қ.Сұлтанов.
Елбасы феноменінің басты жетістіктері мен факторлары­ның бірі – Қазақстандағы этнос­ара­лық бейбітшілік пен келісім екенді­гі­не РФ Федерация Кеңесі төраға­сы­ның 2001-2011 жылдар­дағы кеңес­шісі О.Карпухин баса назар аударды. «Назарбаев феномені оның тәрбие­сі мен Теміртаудың ыстық цехында еңбексүйгіш ұжымның ортасында әбден шыңдалғанында жатыр. Бұл шыдамдылық қасиеті оның өмірінің барлық кезеңдеріне әсер етті. Кеңес республикаларындағы президенттердің ешқайсысы мұн­дай керемет еңбек жолымен мақ­тана алмайды. Н.Ә.Назар­баев­тың саяси мәнінің бастауы әрі оның таңғажайып феноменінің ұғымы осында жатыр», деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы былай деді. «Елбасы феномені әлі ұзақ зерттеледі, өйткені оның көптеген пайым­дары 2030 жылға дейін жүзе­ге асырылады. Сондықтан біз бұл тақырыпқа тағы да сан мәр­те жүгінеміз және тарихи шешім­дердің куәгерлерімен ғана емес, Z және Y деп аталатын ұрпақ­пен де талқылайтын боламыз. Біз олар­ға Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті­нің Тәуелсіздік құн­ды­­лық­тары мен саяси мұрасын дұ­рыс жет­кі­зуге міндеттіміз», де­ді Ә.Марғұлан.
Кітаптың авторы Ольга Видова: «Феномен Назарбаева» кітабын 2020 жылы жаза бастадым. 30 жыл ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елді көтеріп қана қоймай, оның экономикасын дамытып, астанасын салды. Ең бастысы, ол ел басшысы ре­тін­­де мемлекетке айналған ұлт­­ты қалыптастырды. Оның жар­­қын жетістігі – Қазақстан хал­қы Ассамблеясы барлық қазақ­стан­­дықтар үшін бейбітшілік пен ке­лісімнің кепіліне айналды. Бүгінде әлемнің көптеген сая­сат­кері оны құнды тәжірибе ретін­де зерттеп, қабылдап жатыр. 2019 жылғы билік транзиті де дана­лық пен саяси көрегендіктің көр­сеткіші. Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің бұл қадамы да бүкіл әлем үшін үлгі болды», деп атап өтті.

26 сәуір 2021 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930