» » Көңілге түйген ой

Көңілге түйген ой


Бұрын қарбаласқа толы тіршілікті қалада ғана болады деп ойлаушы едік. Қазір қалада ғана емес, шағын ауданның өзінде қым-қуыт тірліктен қолы босамай жүрген жандарды жиі кезіктіріп қаламыз. "Жұмыстан қол босамай жатыр ғой" деген сөзбен оны ақтап та аламыз. Бәрінің осылайша жұмысбастылыққа беріліп кеткеніне іштей налып қаласың. Иә, сананы тұрмыс билеген шақта жұмыссыз жүруге тағы болмайтынын білеміз. Әйтсе де...
Әдеттегідей балабақшадан ұлымды алуға барғанмын. Мұнда сағат тілі 17.00-ді көрсеткен тұста ата-аналар балаларын алуға кезекке тұрады. Рас. Мен де кезегімді күтіп тұрмын. Жан-жағыма қарасам, барлығы бір жаққа асық. Баласына "бол да бол" деп ұрысып жатқандары да бар. Апырмай, ә? Елдің бәрі неге асығып барады? Бәлки, бірі – үйіне асығар, енді бірі – қайта жұмысқа баруы керек шығар. Әйтеуір бәрінің бір белгілі себебі болады емес пе?!
Біз сол жұмыстың қамымен айналамыздағыларға аса мән бере бермейміз. Тіпті бұрынғыдай туыстардың үйіне баруды да сиреткендейміз. Жұмыстан босай қалсақ, үй шаруасы, бала-шаға дейміз, одан қалды теледидар мен телефон деген дүниемен уақыт өлтіреміз. Сөйтіп жүріп туысқандармен жиі хат-хабар алыса бермейміз-ау. "Жұмыс, жұмыс" деп жүрген кезде жақындарыңыз сіздің ыстық ықыласыңыз бен жылы сөзіңізге шөліркеп қалмады ма екен?!
Рас, біз бүгінде жақындарға дұрыс көңіл бөлмей жүргендей көрінеміз. Үнемі ой үстінде немесе қабағымыз қатулы күйде жүреміз. Әрине, физикалық тұрғыда шаршайтын шығармыз. Десе де айналамыздағылардың бетін қайтарып, жеки берсек, ертеңіміз не болмақ?
Кешкісін жұмыстан шаршап келіп сіркеңіз су көтермей тұрғанда біреудің мазалап сөйлегенін де қаламайсыз. Қабағы қатулы сіздің жаныңызға келіп ешкімнің сөйлескісі келмейді. Бәлки бұл сізге ұнайтын шығар. Жаныңыз бір сәтке тыныштықты қалар. Бірақ уақыт өте келе бұл сіздің болмысыңызға еніп кететінін де есіңізден шығармаған дұрыс-ақ.
Иә, қазір сөз көтере алмаймыз. Бір-бірімізге болмашы нәрсеге бола ренжісіп, өкпелеп, біраз уақытқа дейін сөйлеспей, тіпті бет көрсетпестей болып кететініміз тағы бар. Жанымызға жақын жандарды ренжітіп, кейін сол үшін өкініп қаламыз. Ал бірінші болып иіліп кешірім сұрауды ұят көреміз.
Қарбаласпен жүріп, талай жақын адамның, достардың, туыстардың, таныстардың көңілін қалдырамыз. Қуанышына ортақтаса алмай, қайғысында қасында бола алмай, ең болмағанда туған күнінде телефон шалу да қалып барады-ау.
Уақыт тапшы. Дегенмен бір сәт болсын жақындарымыздан жылы сөзді аямай, көңілін аулап жүрсек болғаны. Өзімізге де, өзгеге де пайдамыз тимесе, зиян келтіруден аулақ болсақ деген ой біздікі. Біреуге айтқан жағымсыз сөздің жүгін өзіңіз арқалайтыныңыз секілді айтылған әрбір жақсы сөз көңілді бір демдеп салатыны бар емес пе?! Сондықтан кісі көңіліне келетін сөз айтудан аулақ болайықшы. Барынша жақсы сөз айтып, ренжітіп алмауға тырысқанымыз жөн. Қамшының сабындай мына өмірде барынша жақсы сөз айтып, өзіңе де, өзгеге де қуаныш сыйлауға не жетсін?!

Түйін
Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа дүние екенін естен шығарып алмайықшы...
Ақнұр САҒЫНТАЙ
20 сәуір 2021 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031