» » Қауіпті індет қайта күшейді

Қауіпті індет қайта күшейді

Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған коронавирус дерті күн сайын өршіп барады. Дертті жұқтырушылар саны біздің ауданда да анықталып, олардың қатары көбейіп отыр.
Өңірде жыл басынан бері 55 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның симтомдысы 20, ауру белгілері жоғы 35, бұл 2020 жылдың осы уақытымен (5 КВИ) салыстырғанда аурушаңдық 11 есеге өсіп отырғанын көрсетеді.
Аурушаңдық мамандықтар сипаты бойынша жұмыс істейтіндер 15, оның ішінде мұғалімдер 4, бала бақшы қызметкерлері 6, медицина қызметкері 1, басқалар (теміржолшы, электрик, метиостанция, су шаруашылығы) 4. 13 жұмыссыз, 7 зейнеткер, 4 үй баласы, 2 балабақша тәрбиеленушісі, 11 мектеп оқушысы, 3 мүгедек бар.
Аурушаңдық елді мекендер кесімінде: Жосалы кенті 26, Төретам кенті 17, Иіркөл ауылы 6, ІІІ Интернационал ауылы 2, Диірментөбе бекеті 2, Қорқыт бекеті 1, Ақай ауылы 1.
Аурудың алдын алу, оны болдырмау мақсатында ауданға 980 доза СПУТНИК-V вакцинасы келді. Оның 500 дозасы аудан орталығына, 480 дозасы Байқоңырға (Төретам, Ақайға) берілді. 1-ші компонент 9 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін толық салынды, 2-ші компонент наурыз айының 30-ы мен 7 сәуір аралығында 179, яғни 99,9 процент егілді. Біреуі денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Егілгендердің басым көпшілігі медицина қызметкерлері, аудан әкімдігі, мәслихат депутаты, құқық қорғау органдары, жеке кәсіпкерлер мен мұғалімдер.
Аудан бойынша 30 инфекциялық бокс палата мен 270 провизорлық орын (орталық ауруханада 100 орын, колледж жатақханасында 50, Байқоңырда 120 орын) дайын тұр.
Жыл басталғалы облыстық Бас санитариялық дәрігердің қаулыларын орындамай, карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-425/1 тар­мағымен 38 айыппұл (2 829 490) салынып, оның 37-сі өндірілді. Салынған айыппұлдар сипаты: 25 бетперделік ереже сақталмаған, 13 көпшілік іс-шаралар, яғни той жасағандар. Кәсіби құрамы бойынша 3 жеке кәсіпкер («Нағжағұл» тойханасы 2, «Ерке» тойханасына 1), 1 лауазымды тұлға (№80 мектеп директорына), 34 жеке тұлға. Елді мекендер кесімінде Төретам кентінде 32, Жосалы кентінде 5, Дүр Оңғар ауылында 1.
Бүгінде облысымызда қалыптасқан пандемиялық жағдайға сәйкес, Қызылорда облысының Бас сани­тариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуір, №8 қаулысын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында аудандық мобильді мониторингтік топпен бірлесіп, кент орталығындағы мекемелерді аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін мониторингтік топпен 62 рейд жүргізіліп, 197 нысанға түсіндірме жұмыстары жасалды. Оның ішінде меншік нысанына қарамастан балабақшалар саны 57, мектептер саны 79. Аталған түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жоғарыда аталған қаулыға сәйкес қоғамдық орындарда калянды пайдалануға, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу «ауыз ашар» т.б.) оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, банкет залдарының жұмысына, букмекерлік кеңселердің қызметіне, боулинг және компьютерлік клубтардың («Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бильярд, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне, мерекелік корпоративті ұйымдастыру мен өткізуге, балалардың ойын сауық орталықтарының: жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен атракциондар жұмысына тағы басқасына қатаң тыйым салынған.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Соңғы күндері облыста коронавирус инфекциясының таралуы белең алып отыр. Ауырған науқастар саны күннен күнге көбеюде. Карантин шараларының күшейтілуіне қарамастан кейбір тұрғындарымыз қауіпсіздік іс-шараларын сақтамай, адам денсаулығына қауіп төндіру жағдайлары жиі кездесуде. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін халық көп жиналатын жерлерге бармай, түрлі мереке мен той-томалақты өткізуді тоқтата тұрғанымыз абзал.
Карантин талаптарын сақтау аса маңызды. Күнделікті бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Сақтықты естен шығармайық!
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
20 сәуір 2021 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031