» » Аудан әкімі Рамазан айының басталуымен құттықтады

Аудан әкімі Рамазан айының басталуымен құттықтады


ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін барша мұсылман қауымы қасиетті Рамазан айын айрықша құрметпен қарсы алып, ерекше қуанышпен қайта қауышып жатыр. Бұл айдың ерекшелігін ескерсек отыз күн Оразаны жай ғана аш құрсақ жүру үшін емес, ойдағыдайлайықты өткеругебарынша ықылас-ниетіміздің түзу болуында.
Биылғы жылғы ауыз бекіту карантин уақытына сәйкес келіп отыр.
Карантин талаптары бойынша санитарлық ережелерге сәйкес бірқатар шектеулер енгізілуі мүмкін.
Осы ретте жақындарымызға жанашыр болып, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы бекіткен талаптарды орындау арқылы имандылықтың шынайы үлгісін көрсетуіміз керек деген ойдамын.
Сондықтан баршаңызға Рамазан айының рахатын мейлінше сезінуге, қасиетті айда жан мен тәндеріңіздің толықтай тазарып, рухани қуат алып, көркем мінез бен кемелдікке жетуге тілектеспіз. Осы айдағы әр күнімізді ізгі амал-әрекеттерге, қайырымдылық пен мейірімге толтырып, игілікті істердің басынан табылуға тырысайық.
Баршамыздың ниет-тілектерімізді қабыл етіп, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Ел-жұртымызаман, бейбіт те берекелі заман болсын!
Рамазан айы мүбарак болсын!

Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков
13 сәуір 2021 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 010
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 685

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031