» » Әр шешімнің артында адам тағдыры тұр

Әр шешімнің артында адам тағдыры тұр


Тергеу саласы ішкі істер органдары жүйесінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл қызметке таңдаулы мамандар ғана шақырылады. Ал нағыз тергеушінің қандай болу керегін бұл істің ардагерлерінің білері анық. Ауданда осы сала бойынша зейнетке шыққан жалғыз ардагер бар. Ол – Аққозы Қошретов. Білікті маман тергеу саласында 13 жыл қызмет істеген. Алғашқы еңбек жолы 1994 жылы Байқоңыр қаласындағы кеден қызметінен басталса, кейін 1996 жылы мемлекеттік тергеу комитетіне ауысқан. Осы саладан таймай тергеушіден аға тергеушіге, одан соң бөлімше бастығы лауазымына дейін көтеріліп, 2009 жылы зейнетке шыққан.
Өз ісінің ыстығына күйіп, суығына тоңған майталман ардагер «тер­геуші тиянақты жұмыс жүргізгенде, әрбір істі терең зерттегенде ға­на мақсатына жетіп, істің соңғы нүктесін қояды» дейді ол. Сонымен қатар тергеушінің қағи­датына сәйкес – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң шеңберінен аспауы керегін айтады.
– Тергеуші өз жұмыс барысында жағымсыз факторлармен жиі кездесіп отырады. Сол үшін ұстамды, төзімді болуы тиіс. Заңды жақсы меңгеріп, қылмыстық-процестік заңнаманы жақсы білумен қатар олардың талаптарын сақтау міндетті. Уақыт қанша қысып тұрса да ат үсті шешім шығармай, әр шешімнің артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпауы керек, – дейді ардагер.
Кейіпкеріміздің тергеу саласында жүріп тәрбиелеген шәкірті де бар. Ол – Еркін Мұсаев. Қазіргі күні аудандық прокуратураның аға прокуроры.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
06 сәуір 2021 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728