» » Уақытпен санаспайтын мамандық

Уақытпен санаспайтын мамандық

Қазіргі күні қоғамда тәртіп пен берекені бұзып, айналаны дүрбелеңге салатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың қатары жиі болып жатқаны сіз бен бізге мәлім. Ал осы қылмыс атаулыны құрықтап, оларды іздеп тауып бетпе-бет тілдесетін, бар кінәсін бұлтартпайтын айғақтармен мойындататын маманның бірі – тергеуші. 6 сәуір еліміздің тергеу саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Бұл күні ішкі істер саласының тергеу қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Себебі 1963 жылдың дәл осы күні Кеңес Одағының Қоғамдық тәртіпті сақтау министрлігі алдын ала тергеуді жүргізу құқығына ие болды.
Тергеуші қызметі – аса сауаттылық пен білімді, шыдамдылықты талап ететін жауапкершілігі мол іс. Сондықтан бүгінгі мақаламыз қызметтің ауыр жүгін абыроймен арқалап жүрген аудан тергеушілеріне арналмақ. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімінің тергеу құрылымында екі тергеуші, екі анықтаушы және екі криминалист маманы жұмыс істейді. Аталыш құрылымға аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Саламат Ғалымұлы жетекшілік етеді. Тергеу саласының қызметкерлері уақытпен санаспай, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашып, заң тұрғысында процестік баға беріп, өздеріне жүктелген міндеттерді адалдықпен атқаруда. Қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы, Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес істі жан-жақты зерттейді. Істің ақ-қарасын ажыратуда басқа да тиісті орындармен тығыз байланыс орнатады. Бір сөзбен айтқанда қылмыстық істі ашуда тергеуші тиімді жолды таңдайды.
– Полиция қызметкері болу үшін біліктілік керек. Соның ішінде тергеуші мамандығы сауаттылық пен білімділікті, сабыр мен төзім, қажыр-қайрат, ой ұшқырлығын талап етеді. Әр істің артында адам тұр десек, ауыр жұмысты арқалаған тергеушінің әр сағатының өзі сан оқиғамен өріліп, оған қаншама күш-қайрат жұмсалатынын елеп-ескеру қиын емес. Сондықтан біз әр істе тәжірибе алмасып, тығыз байланыста жұмыс істейміз. Әрбір істі жауапкершілікпен нәтижелі аяқтауға асығамыз, – дейді тергеу жөніндегі орынбасар.
Аудандық полиция бөлімінің тергеу құрылымы ҚР ІІМ-нің алға қойған басым бағыттары бойынша азаматтардың конституциялық құқық­тарының бұзылуына жол бермеу, қылмыстық істерді сапалы тергеп-тексеріп, оны сотқа жолдау бағытында біршама жұмыстар атқарған. Мәселен өткен жылдың 12 айында АІІБ-нің тергеу бөлімінің өндірісінде жалпы 330 қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша тергеу амалдары жүргізілген. Жыл қорытындысы нәтижесінде бөлімнің аға тергеушісі полиция капитаны А.Қоңырбаева мен аға анықтаушы полиция аға лейтенанты Р.Төлепбергенов жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін облыстық полиция департаменті басшысының марапатын алған.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
06 сәуір 2021 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031