» » Қарты бар елдің қазынасы бар

Қарты бар елдің қазынасы бар

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың еңбектері ерен. Олардың өмір жолдары бізге үлгі-өнеге, бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
"Nur Otan" партиясының атынан сайланған Қармақшы аудандық мәслихат депутаты Жұмадияров Сейіл және мен ауданымыздың алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасын таныстыру мақсатында Байқоңыр қаласының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Керейтбай Дүйсенұлының отбасында болып, ардагер атамызбен канвассинг–кездесу өткізіп қайттық. Кездесу барысында өмірін шәкірт тәрбиелеу жолына арнаған ардагер ұстазымыз Керейтбай атамызға Қармақшы аудандық мәлихатының 16 ақпандағы кезектен тыс 2-сессиясының шешімімен 2021-2025 жылдарға арналған Қармақшы ауданының дамыту бағдарламасының жобасы әзірленгендігін және бағдарламадағы өңірімізде болатын оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтарды таныстырып өттік.
Ардагер ұстаз қоғамның және экономиканың дамуын жіті бақылап отыратынын айтып, Қармақшы ауданының даму бағдарламасындағы Байқоңыр қаласына қатысты айтылған біраз жобалар жүзеге асатын болса, қала халқы үшін үлкен жақсылық болады деп, өз ойымен бөлісті.
19 наурыз 2021 ж. 2 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 481
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31