» » Кандидаттар сайлаушылар үйінде

Кандидаттар сайлаушылар үйінде

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әділ Қошалақов, Дастан Буханов, Зарипа Тасымова, Нұржан Раймов канвассинг кездесу шарасы негізінде Дауылкөл ауылының тұрғыны ардагер, құрметті азамат Байдан Тұрғановтың шаңырағында болды.

Кездесуде тұрғынның жағдайын сұрап, алдағы болатын сайлау туралы әңгіме өрбітті. Партияның сайлауалды бағдарламасына қамтылған басым бағыттар мен мақсат мен міндеттерді жеткізді.

– Партия аудан экономикасын дамыту, жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауды көздеп отыр. Мақсаты айқын, жоспары анық. Қазір ел-жұрт партиядан нақты шешімдер күтуде. Біздің партия әр азаматқа ашық. Сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдап, іске асыруға бар күшімізді саламыз. Еліміздің дамуы үшін кез келген ой-пікір біз үшін маңызды, – деді үміткер Дастан Буханов.

Мұнан соң ауыл қариясы кандидаттарды тыңдай отырып, өзінің ұсыны-пікірін білдірді. Партияға деген ризашылығын айтып, тілегін жеткізді.

Жарқын кездесуден соң үміткерлер сайлаушының ұсынысы партияда қараусыз қалмайтынын айтты. Сонымен қатар 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы
Қармақшы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

04 қаңтар 2021 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930