Кандидаттар "Ақтөбе" БПҰ мүшелерімен кездесті
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әділ Қошалақов, Дастан Буханов, Нұржан Раймов Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқыға салды.
– 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді, – деді үміткер Ә.Қошалақов.
Партия медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру бағытында 2025 жылға дейін 2 елді мекендегі медициналық мекемелердің жылу қазандықтарын газға ауыстыруға, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Ақжар ауылына дәрігерлік амбулатория, Қуаңдария мен Қармақшы ауылына фельшерлік пунктердің жаңа ғимаратын салуға күш салмақ. Сонымен қатар Көмекбаев пен Дүр Оңғар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияларға және орталық аудандық ауруханаға 3 жедел медициналық жәрдем автокөлігін сатып алуды мақсат етіп отыр.
Шара соңында сала мамандары бүгінге дейін ел тұрғындары үшін, оның ішінде пандемия уақытында «Nur Otan» партиясының үлкен қолдауына ие болғандарын жасырмай, жасап жатқан игілікті жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, алдағы саяси додада «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтты.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы
Қармақшы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.