» » Вакцина оразаны бұзады ма?

Вакцина оразаны бұзады ма?




Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ораза кезінде вакцина салдыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Сәуірде қасиетті Рамазан айы басталады. Сол кезде коронавирусқа қарсы «QazCovid-in» атты қазақстандық вакцина да шығады. Ал ораза ұстағысы келетін мұсылмандар қауіпті вирустан да қорғануды қалайды. «Ауыз бекіткеннен кейін вакцина салдыруға бола ма? Ал, ең бастысы, екпе оразаны бұзбай ма?» деген сауал туындайды.
Мүфтияттың шариғат пен пәтуа бөлімнің маманы Хасан Аманқұлдың айтуынша, адам ағзасына ауыз, мұрын, ішек сияқты табиғи жолмен түскен нәрсе оразаны бұзады. Ал екпе бұлшықетке салынады. Сондықтан оразаны бұзбайды.
«Дене арқылы кірген нәрсе, мысалы, коронавирусқа қарсы екпе оразаны бұзбайды», – деді Хасан Аманқұл.
Оның сөзіне қарағанда, қазір ислам ғалымдарының көбісі екпе арқылы денеге салынатын дәрі-дәрмекке ем және адам ағзасына қажетті энергия ретінде қарайды. Ал көктамырға салынатын екпеге қатысты ортақ бір шешім жоқ.
«Егер екпе терінің астына бұлшықетке салынса, ораза бұзылмайды. Жалпы, пенициллин, инсулин, вакцина, ауырсыну мен қызуды басатын дәрілер сияқты ауруды емдеуге және алдын алуға арналған препараттар мен дәрумендер қолданылған жағдайда ораза бұзылмайды», – деп атап көрсетті Хасан Аманқұл.
Айта кетейік, 14 сәуірде қасиетті Рамазан айы басталады. Қадір түні 10 мамырға қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт 13 мамырда өтеді.
1 ақпанда республика бойынша коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталған болатын. Қазіргі кезде ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынып жатыр. Жылдың соңына дейін 6 миллион адам екпе қабылдайды деген жоспар бар.
Вакцина инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасы шығарылады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, вакцинация басталғалы 76 мың адам ресейлік вакцинаның алғашқы компонентін салдырды. Сәуір айында созылмалы ауруы бар адамдар мен 65 жастан асқандарға екпе салу жоспарланып отыр.
17 наурыз 2021 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 289

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930