Короновирус кеселі: Үрей құшағындағы бір жыл
Көптің көңілін құлазытқан, санамызға сілкініс тудырған, әлем халқын алаңдатқан, ол, әрине пандемия. Осыдан бір жыл бұрын қандай едік? Заты тұрмақ атын да естіп көрмеген «коронавирус» дегеннің не екенін білмей абдырап жүрген шақ болатын. Иә, бұрын-соңды адамзатқа беймәлім болып келген КВИ 2019 жылдың соңында пайда болып, қысқа уақыттың ішінде тұтас әлемді жайлап үлгерді. Қытайдағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болған індет соңғы бір жыл ішінде адамзат санасын, жылдар бойы қалыптасқан стреотиптер мен кейбір қағидаларды түбегейлі өзгертті. Рас, адамдар осыбір кезде басты байлықтың қадірін шын ұғынғандай болды.
Біріміз сенбедік, ал енді біріміз үрейге бой алдырдық. Бұл дерт қалай басталды, қалай өршіді, елдегі қазіргі эпидахуал қандай? Былтыр елімізде медицина саласында қандай өзгеріс болып, қандай іс-шаралар қабылданды? Саралап көрейік.
Бәрі қалай басталды?
Былтыр 13 наурызда Қазақстанда КВИ жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Сол күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг ұйымдастырып, екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Екі азаматтың да Алматы қаласына Германиядан ұшып келгені анықталды. Осы уақыттан бастап елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн өткен сайын көбейе түсті. Айталық, 13 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан, 20 наурызда – Қарағандыдан, 21 наурызда – Алматы облысының Қарасай ауданынан, 22 наурызда – Ақтөбе облысынан, 24 наурызда – Шымкент қаласы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, 27 наурызда Ақмола, Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарынан, 28 наурызда – Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, 29 наурызда – Батыс Қазақстан облысынан, 34 наурызда – Түркістан облысынан анықталды. Наурыз айында індет тіркелмеген Қостанайдан 3 сәуірде тіркелген еді.
Қазақстанда әлем елдеріндей КВИ-дың таралу қарқыны жылдам болды. Осыған сәйкес 2020 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» қаулы шығарды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты тұтас елді мекендер, ірі мекемелер тұтастай дерлік оқшауланып, адамдардың бір-бірімен араласуы, қарым-қатынасы шектелді. Індеттің алдын алу мақсатында адамдардың себепсіз көшеге, қоғамдық орынға шығуына тыйым салынды.
Ал сәуір айында коронавирус жұқтырғандардың саны үш мың үстіне шықты. Әр науқасты аман алып қалу жолында бар күшін салған медицина қызметкерлері де бірінен соң бірі вирус жұқтырып жатты. Эпидемия басталғаннан сәуір айындағы дерек бойынша, 120 медицина қызметкерінен КВИ анықталған. Осы орайда Үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды тапсырды. Сәйкесінше олар КВИ жұқтырған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңге құрайтыны белгілі болды.
Қарапайым медициналық бетпердеге деген тапшылық та осы кезден басталды. 30 теңге тұратын бетперде алыпсатарлардың қолына түскен соң баға 5-6 есеге артық бағамен сатылды. Десе де халық осы бағамен көптеп алып жатты. Бетперде ғана емес, алғашқы айларда иммунитет көтеретін дәрумендер, қызуды түсіретін дәрі-дәрмек түрлері, антисептик, ПТР-тест, өкпені жасанды желдету аппараттарының тапшылығы анық сезілді.
Мамыр айында сырқаттанғандар саны күрт өсті. Себебі екі айға жуық уақытқа созылған карантин жеңілдетілген режимге ауысқан болатын. Адамдарға далаға шығуға рұқсат беріліп, біртіндеп шағын кәсіпкерлік нысандар жұмысын бастады. Дүкендер мен сұлулық салондары, дәмхана мен мейрамханалар ашылды.
Былтыр жаз мезгілінде дене қызуын төмендететін, вирусқа қарсы дәрілік заттардың тапшылығы қатты сезілді. Халық жайшылықта дәріханаларда самсап тұратын парацетамолға зәру болды. Сонымен бірге антибиотиктер іздеп сабылды. Алыс-жақын қалалардың дәріханаларынан тапшы дәріні іздеумен болды.
Эпидемия басталған алғашқы айларда ПТР тест де, өкпені жасанды желдету аппараты бойынша мәселе туындаған еді. Бұл тұрғыда ерікті жастардың еңбегін айта кету керек. Халықтың ауыр жағдайын көрген олар бірлесе ақша жинап, Түркия, Қытайдан оттегі консентраторларын алып жатты. Осылайша аурудың таралуына аз да болса тосқауыл болды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз айында қоғамдық орындарда бетперде тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Оған сай 5 жасқа дейінгі балалардың бетпердесіз жүруіне рұқсат берілді.
Коронавирустың екінші толқыны болатыны жайлы әңгіме жаз айындағы дүмпуден кейін айтыла бастады. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу жұмыстары қыркүйек айында басталды.
Коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаларға талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді. Сонымен қоса медициналық бетперденің бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңгеге дейін төмендетті.
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 19 желтоқсанында QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеулердің ІІІ кезеңін өткізуге рұқсат берген болатын. Бұл вакцинаның COVID-19-ға қарсы белсенділігін клиникалық зерттеудің III кезеңі 180 күн өткізіледі. 11 қаңтарда еріктілерді қабылдау аяқталып, 3000 адам вакцинацияланды. Желтоқсан айында отандық вакцинаны билік басындағы бірқатар адам салдырды. Олардың қатарында ҚР Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бар.
Жыл басында Назарбаев университетінің түлегі, ғалым және кәсіпкер Болат Сұлтанқұлов үйде пайдалануға болатын синтетикалық наноденелер негізінде коронавирусты 15 минут ішінде анықтай алатын жедел тест әзірлеп шықты. Тест жолағы жүктілікті анықтайтын тестке немесе антиденелердің стандартты экспресс-тестіне ұқсайды, бірақ оның басты айырмашылығы – тест антиденелерді емес, вирустың өзін, дәлірек айтқанда, оның RBD деп аталатын бөлігін анықтап береді.
Ақпан айы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды. Бірінші кезеңде Ресейде жасалған вакцина – «Sputnik V» сатып алынды. Аз уақыт ішінде «Sputnik V» вакцинасының өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде локализацияланды. Оған өнімдерді жеткізу бекітілген кесте бойынша биыл 24 ақпанда басталды. Сондай-ақ биыл сәуір айында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жасаған отандық өндірісте шығарылатын «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланып отыр.
Ақпан айындағы тағы бір жаңалық – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы қаулы қабылдады. «Ashyq» қосымшасын пайдалану бизнес қауымдастық өкілдері үшін бірқатар маңызды артықшылықтарды ұсынады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта болған жағдайда осы мобильді қосымшаны пайдаланатын объектілер «сары» аймақтың жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істейтін болады. Егер қала «сары аймаққа» ауысса, онда кәсіпкерлік нысандары «жасыл» аймақтың кестесі бойынша жұмыс істейді.
Аудандағы ахуал қандай болды?
КВИ аудан бойынша жұқтырғандардың жалпы саны – 166. Олардың ішінде 66 науқас симтомды түрін жұқтырған. Олардың барлығы дерлік ем алып жазылып шықты. Ал қалған 100 науқас симптомсыз түрін жұқтырып, үй карантинінде ем алды. Контакт ретінде тұрғандар саны – 564 адам. Жыл көлемінде 11891 тест сынамасы алынған. Қазіргі уақытта 22 сынама тест алынып, жауабы күтілуде.
Сонымен қатар науқастарға арналған 30 орындық бокс палата, 100 орындық провизорлық орталық, 50 орындық карантиндік орталық бар. Мұнан өзге Байқоңыр қаласында 105 орындық провизорлық орталағы дайын тұр. Аудан бойынша жалпы 285 орын әзірленген.
2020 жылы карантин режимін бұзған тұлғаларға айыппұлға 94 құжат келіп түссе, оның 2-еуі кері қайтарылған. Былтыр 92 айыппұл салынған болса, осы күнге дейін оның 89 өндірілген. Қалған 3-еуі өндіру үшін жеке сот орындаушыларына жолданды. Айыппұл көлемі – 4 млн 792 мың теңгені құрайды. 27 айыппұл аудан орталығынан болса, қалған 65-і Төретам, Ақай елді мекенінен келіп түскен. Оның ішінде 2-еуі жеке кәсіпкер, қалғаны жеке тұлғалар. Ал биыл карантин талаптарын бұзғандар саны – 24. Оларға 1 млн 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Білім саласына қалай әсер етті?
Пандемия туғызған шектеу мектептегі, жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесіне өз ықпалын тигізді. Мектеп оқушылары мен студенттер мәжбүрлі түрде қашықтан білім алуға көшті. Иә, 107 мемлекетте және сол мемлекеттегі мектепте оқитын 861 миллион бала коронавирус індетіне байланысты қашықтан оқуға мәжбүр болды. Себеп біреу ғана. Індеттен адам өмірін сақтап қалу.
Қашықтан оқу үшін әлбетте интернет желісі керек. Мұнда интернет желісінің баяулығы, байланысқа шығатын компьютер, смартфон секілді құрылғылардың жетіспеушілігі (әсіресе бір үйде бірнеше оқушысы бар отбасылар үшін) бірқатар қиындықтар туғызды. Ата-аналар осыбір қажеттілік салдарынан бар жиған-тергеніне ұялы телефон сатып алуға кірісті. Себебі балалар білім алуы тиіс. Бұл білім көрсеткішіне де кері ықпал еткен фактордың бірі болды. Иә, пандемия мемлекеттегі осал және жетілген салаларды көрсетіп бергендей болды.
Мемлекеттен қандай көмек болды?
Мемлекет тарапынан қабылданған дағдарысқа қарсы күрес іс-шаралары халықтың осал топтарына, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жақсартуға бағытталды. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Біз біргеміз» акциясына қалталы азаматтар қосылып, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен зейнеткерлерге азық-түлік пакеттері таратылды. Сондай-ақ 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен бір жолғы қаржылай көмекке ие болды.
Уақытша табысынан айрылған 4,5 млн астам азаматқа 42 500 теңге мөлшерінде қаржылай көмек берілді. Осыған 450 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалды. Осылайша мемлекет тарапынан пандемия келтірген залалдардың орнын толтыру, медицина саласын жаңғырту, кәсіпкерлерді қолдау сияқты жұмыстар қызу қолға алынды.
Инфекцияға қарсы вакцина
Aйтa кету керек, пaндемия бacтaлa caлыcымен әлем елдері кoрoнaвируc инфекцияcынa қaрcы вaкцинa жacaу іcіне қызу кіріcті. Қaзіргі тaңдa әлемде үш технoлoгиялық плaтфoрмaдa дaйындaлғaн жеті вaкцинa түрі aдaмдaрғa егілуде. Coнымен қaтaр, 200 вaкцинaғa клиникaлық зерттеу жұмыcтaры жүргізілуде. Oның ішінде қaзaқcтaндық QazCovid-in вaкцинacы дa бaр. Ғaлымдaр вaкцинa caлдыру кoрoнaвируc инфекцияcынaн қoрғaнудың ең тиімді тәcілі екенін aйтудa. Ocы oрaйдa әлем елдері хaлықты вaкцинaциялaу жұмыcтaрын бacтaп кетті. Әлемде хaлыққa вaкцинa егу қaрқыны жөнінен Изрaиль мемлекеті көш бacтaп тұр.
Қaзaқcтaндa дa биыл aқпaн aйынaн бacтaп реcейлік «Sputnik V» ең aлдымен дәрігерлерге, пoлиция қызметкерлері мен мұғaлімдерге және хaлықпен тығыз жұмыc іcтейтін перcoнaлдaрғa caлынa бacтaды. 2021 жылдың 9 нaурыздaғы жaғдaй бoйыншa Қaзaқcтaндa 33 279 aдaм бірінші кoмпoнентпен, 15 856 aдaм екінші кoмпoнентпен егілді.
Түйін
Тәжтажалдың салдарынан дүниежүзі бойынша адам шығыны болды. Бүгінге дейін әлемде ocы індетті жұқтырғaн нaуқacтaр caны реcми 120 миллиoнғa жуықтaca, қaйтыc бoлғaндaр caны 2,5 миллиoннaн acты. Aл Қaзaқcтaндa aуру жұқтырғaндaр caны 220 мыңнaн acca, қaйтыc бoлғaн aзaмaттaрдың caны – 2856. (15 наурыздағы мәліметі бойынша). Жалын оттай өршіген короновирус кеселі еліміздің талай азаматтарын ортамыздан алып кетті. Өкінішке толы өмір өткелдерін айта бергенмен өткен іс өзгермейтіні белгілі. Ең бастысы – індеттің ізі жоғалып, жұртшылық жаймашуақ ғұмыр кешсе екен дейміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ