» » Апостиль қойылған анықтамаға 83 адам өтінім берген

Апостиль қойылған анықтамаға 83 адам өтінім берген

Қызылордада жыл басынан бері «соттылықтың болуы не болмауы туралы» анықтама алу бойынша 114 өтініш, ал апостиль қойылған анықтамаға 83 адам өтінім берген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының бөлім прокуроры Дана Ахылбекова мәлімдеді.

Анықтамалықта апостильдің қойылуы шет елге тұрмысқа шығып, сол жерде тұруға рұқсат алғанда немесе шетелдік компанияға жұмысқа тұрып, визасын рәсімдегенде, оқуға түскенде қажет. Бұл қызмет түрін бұрын мемлекеттік корпорациясына жүгініп, қағаз жүзінде ғана алу мүмкін болатын. Енді «EgovKzBot» Telegram-бот көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбасыз «Бір реттік SMS паролінің сервисі» көмегімен алуға болады. Ол үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет.

- Басқарма тарапынан адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтері де беріледі. Биыл басқарма тарапынан 4497 адамның «әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы анықтама» алуға берген өтінімі қаралды. Бұл қызмет түрі де электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мұрағаттың тектік картотекасында 33616 тұлғаның мәліметтері сақтаулы тұр. Оның 23000 саяси қуғын сүргін құрбандары болған тұлғалардың мәліметі, ал 10616 әліпбилік есепке алу карточкасы бар ,- деді Дана Ахылбекқызы.
12 наурыз 2021 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031