» » Суды үнемді пайдалану маңызды

Суды үнемді пайдалану маңызды


Бүгін Қызылорда облысында су мәселесіне қатысты жиын болды. Оған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров және жергілікті шаруа қожалық өкілдері қатысты.

Биыл өңірде 188,2 мың гектарға егін егу межеленуде. Соның 84,4 мың гектарына күріш орналастырылады. Қалғанына дәндi, майлы, мал азықтық, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары егіледі. Қазір қажетті тұқым толығымен дайын. Тыңайтқыштан да мәселе болмайды. Ауыл шаруашылық техниканың 83 пайызы жөндеуден өткізілді. Егілетін егістікті тұрақты суаруға 4,2 млрд. текше метр су қажет. Кездесуде шаруашылықтар суға қатысты сауалдарын қойды, ұсыныстарын айтты, шешілу жолдарын сұрады.

- Су азаймаса, көбейіп жатқан жоқ. Бастысы, үнемді пайдалануымыз қажет. Әрине, Сырдарияның су жағдайы жоғарыдағы су қоймаларына тікелей байланысты. Өңірдегі су тораптары, егіс алқаптарына қатысты мәселелерді жақсы білемін. Барлығын зерттеп жатырмыз. Оңтайлы шешім табуына жұмыс жасаймыз, - деді Серік Абенов.

Бүгінде «Тоқтағұл» су қоймасындағы жиналған судың көлемі 10,0 млрд. текше метрді құрайды. Ал Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 397 текше метр су түсуде. Жалпы қазір «Шардара» мен «Көксарайда» 5,2 млрд. текше метр су жиналған.
25 ақпан 2021 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 515
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930