Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже
Бүгінде жұмыс іздейтін жандар көп. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жобалар әзірленіп, тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Аталған жобалардың басты мақсаты – қаржылық қиындыққа тап болған адамдарға қолдау көрсетіп, жұмыс ұсыну, жұмысқа орналастыру. Осы орайда аудандық жұмыспен қамту орталығының жай-күйімен танысып, біраз ақпаратқа көз жеткізіп қайтқан едік.
Жұмыспен қамту орталығында күніне кем дегенде 100-150-ге тарта қызмет түрі көрсетіледі. Олардың басым бөлігі – атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер мен жұмысқа орналасуға кеңес алушылар. Бүгінде мекемеде 19 адам қызмет етеді. Бөлім басшысы Орынбек Мұнарбаевтан қаңтар айының 15 жұмыс күнінде 880 адам жеке кеңес алған.
– Қаңтарда 880 адам жеке қабылдауымда болды. Оларға ұсынылатын бос жұмыс орны мен түрлі жобалардың тиімділігіне қатысты кеңестер бердім, – дейді ол.
Былтыр аудан бойынша орталыққа жұмыс іздеуші ретінде 2336 адам хабарласқан. Оның ішінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені – 2263. Аудан бойынша 783 азамат жұмысқа орналасқан.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 10 адамды оқытуға жергілікті бюджеттен 1 759 000 мың теңге «Кондитер» мамандығына қаржы сұратылып, 10 адам «Сейфти Консалтинг Сервис» ЖШС-не оқуға жолданып, 9-ы оқуын аяқтап, 1 адам оқудан шығарылған. Оқуды аяқтаған 7 адам қайтарымсыз грантқа ие болды, 1 адам тұрақты жұмысқа тұрды.
Ал бағдарламаның ІІ бағыты бойынша шағын несие алуға 71 адам өтініш білдірсе, былтыр аудан бойынша 69 адам 224325000 теңге шағын несие алды. Барлығы 94 адам қаржы ұйымдарына жолдама алды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын оқытуға 224 адамды оқыту жоспарланған. 301 адам оқуға жолданып 224 адам оқуын аяқтады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК бойынша 155 адамға 86,118 млн теңге қайтарымсыз грант қаралып, І кезең ағымдағы жылдың 30 маусымында қайтарымсыз грант алуға ниет білдірген 27 адамның бизнес жобасы комиссия отырысында қаралып, 17 адамның бизнес жобасына комиссия құрамының оң шешімі берілді. ІІ кезең ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ұйымдастырылды. 51 адам ниет білдіріп тиісті құжаттарын тапсырып, 44 адам бизнес жобалары бойынша комиссия құрамының оң шешімін тапты. ІІІ кезең 2020 жылдың 26 тамызында ұйымдастырылды. 69 адам құжат тапсырып, 44 адам оң шешімін тапты. ІV кезең 2020 жылдың 29 қыркүйегінде ұйымдастырылды.
113 адам құжат тапсырып, 50 адамың бизнес жобасына комиссия құрамының оң шешімі берілді. 5 кезең 2020 жылдың 7 желтоқсанында ұйымдастырылып, 36 адам құжаттарын тапсырып, 30 адамның бизнес жобасына комиссия құрамының оң шешімі берілді. Барлығы 185 адамға 102,7 млн теңге берілді.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 2020 жылға республикалық бюджеттен жоспар бойынша 20 адамға 10,230 мың теңге қаржы бөлініп, жергілікті бюджеттен аудан бойынша 20 адамға 6800 млн теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға 16 кәсіпкерлік субъектілеріне 61 адам жолданып, 61 адам жұмыстарын аяқтап, оның ішінде 46 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
– Жұмыс жоқ деп қарап отыруға болмайды. Іздеген жан екі қолға бір күректі қайдан болса да табады. Дәл осы, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен бос орындар жеткілікті. Оларға маман керек. Егер жұмыс іздеген азаматтар болса, біздің кеңсемізге келіп, жолдама алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда құрылысшыларға сұраныс жоғары болып тұр. Сонымен қатар ауданда дәрігер мамандар тапшы. Оларға сұраныс та жоғары. Керісінше кіші медициналық қызметкерлер мамандығын бітірушілер көп. Әйтсе де оларға сұраныс жоқ. Сол секілді мұғалім мамандары да жетерлік. Бірақ оның ішінде математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері қажет. Дегенмен мұғалім мамандығын бітіріп келген жас мамандармен бірлесе отырып өз бейіміне сәйкес қайта даярлау курстарынан өткізіп, жұмысқа орналастыру жағын қарастырамыз. Осы курс арқылы жұмысқа орналасып жатқан жастар да бар. Атқарылған нәтижелі жұмыстың жемісті болуына аудан әкімі Мұса Қалдарбековтің қолдауын ерекше атап өтуге болады, – дейді бөлім басшысы.
Жұмыс іздеушілердің бір бөлігі – жастар. ЖОО тәмамдап келген жас мамандарға арналған арнайы бағдарлама да бар. Айталық, "Жастар тәжірибесіне" былтыр республикалық бюджеттен жоспар бойынша 116 адамға 36,3 млн теңге қаржы бөлінді. 138 адам 43 мекемеге жолданды, 76 адам жұмысын аяқтап, биыл 62 адам өз жұмысын жалғастырады. Оның ішінде 47 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айдана Алиасқарқызы «Экономика және бизнес» мамандығын бітіріп, былтыр «Қармақшы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту» орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп өтінімге сәйкес өз мамандығымен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар тәжірбиесіне қатысты. Бағдарламаның III бағыты оның ішінде жұмыс бойынша тәжірбие жинақтауға осы мекемеге жастар тәжірибесіне жолданып, білімділігімен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен өзін көрсете біліп, тұрақты жұмысқа орналасты.
Қоғамдық жұмысқа былтыр аудандық бюджеттен жоспар бойынша 250 адамға 38,5 млн теңге және республикалық бюджеттен 400 адамға 107,9 млн теңге қаралды. Барлығы 650 адам 146,4 млн теңге. Қаралған қаржыға 56 мекемеге 761 адам жолданып, 761 адам жұмысын аяқтап, 289 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Санагүл Абдикамалқызы жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз ретінде тіркеліп, өз өтінішіне сәйкес «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық жұмыс қатысушы бағдарламаның III бағыты, оның ішінде көркейту және көгалдандыру жұмыстарына Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйіне қоғамдық жұмысқа жолданып, өзінің жауапкершілігімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін өзін көрсете біліп, тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты былтыр инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жүзеге асырылады. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 103 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жоспарға сәйкес – 103 адам жұмысқа орналасты.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» еліміздегі орын алған карантин жағдайына байланысты былтырғы жылдың ІІ тоқсанына азаматтардан атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер қабылдау онлайн түрде жүргізілді және 2020 жылдың І тоқсанында АӘК алушылардың әлеуметтік келісімшарттары автоматты түрде ұзартылды. Сәуір айында 2020 жылдың І тоқсаны бойынша АӘК алушылардан 339 азаматтың АӘК пролонгация тәртібімен автоматты түрде ұзартылды. ІІ тоқсан бойынша барлығы 69 өтініш қабылданып, 55 құжат тағайындалды. Сонымен қатар, карантиндік режимге байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 03.07.2020 жылғы №268 бұйрығымен шілде айында 2020 жылдың ІІ тоқсаны бойынша 394 АӘК алушылардан 379 азаматтың АӘК пролонгация тәртібімен автоматты түрде ұзартылды. ІІІ тоқсан бойынша 57 өтініш қабылданып, 54 құжат тағайындалды. ІІІ тоқсан бойынша 419 АӘК алушыдан 317 азаматтың АӘК пролонгация тәртібімен автоматты түрде ұзартылды. Қазан айында 41 өтініш қабылданып, 40 құжат тағайындалды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңына, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы 28.07.2009 жылғы №237-ө бұйрығына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде өтініш білдіруші азаматтан құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар болып табылады. Олардың арасында NEET санатындағы жастардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылар мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің, қысқартылатын жұмыскерлердің басым құқығы бар. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімді құрайды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі. Былтыр Роза Аяғанова «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алған. Оқуды аяқтап, «Кондитер» мамандығына сертификат алып, «Шағын кондитерлік цех ашу» жобасымен комиссияның оң шешімін алды. Грант қаражатын мақсатты игеріп, кәсібімен айналысуда.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (суреттер)