» » Жобада жұлдызы жанғандар

Жобада жұлдызы жанғандар

Елдің ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың амандығы мен денінің саулығы, оның құқығының тапталмауы – ел саясатының басты бөлігі. Осы ретте Білім және ғылым министрлігі мен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірлесе отырып тиісті жұмыстар атқаруда. Былтыр балалардың балалық шақ мәселелерін шешуге қатысудың құқығын жүзеге асыру, белсенді өмірлік ұстанымды және өз пікірін еркін білдіру құқықтарын қалыптастыру мақсатында елімізде балалар өкілдіктерінің І республикалық онлайн слеті өткен болатын. Оған елдің түкпір-түкпірінен өз жобасын ұсынған жүздеген оқушы қатысты. Бірнеше ай бойы үздіксіз дайындық пен бірнеше бөлімнен тұрған додада қармақшылық оқушылардың жобасы да үздіктер қатарынан көрінді.
Жақында Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің «Coworking» орталығында республикалық слетке қатысушылармен кездесу өткізілді. Оның бірі – белсенді оқушы, түрлі сайыстың жүлдегері А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ақсамал Сейілханқызы болса, екіншісі – мектеп, аудан мақтанышы, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың "Ел Үміті" және "Қамқорлық" бастамаларының "Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ" "Елбасы Медалі" жобасының жеңімпазы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің 9 сынып оқушысы Диас Төлегенов. Аталған кездесуге аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен оқушылар қатысты.
Диас пен Ақсамал ең алдымен додада топ жарған жобаларымен көпшілікті таныстырып, бағыт-бағдарын түсіндірді. Бағдарламаның нендей мақсаты, қандай пайдасы барын таразылады. Өздерінің жетістігі мен оған жету жолдарын да айтып өтті. Қатарластарын өздерімен бірге жұмыс жасауға, құқықтарын толық білуге, білім іздеуге шақырды. Кездесу одан әрі еркін форматтағы пікір алмасумен жалғасты. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аудан мақтаныштарына деген ізгі тілектерін де жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы оқушыларға сәттілік тілеп, өзге оқушыларды да осындай жобаларға қатысуға шақырды. Мұндай кездесу мен пікіралмасу сағаттары басқа мектептерде де жалғасын табатынын жеткізді. Себебі мұндай басқосудың оқушының жаңа дүниені игеруіне, қоғам өміріне белсене араласуына тигізер септігі мол.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
06 ақпан 2021 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031