» » Қарақиялық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

Қарақиялық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

Желтоқсан айында 5 және 6-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.


Кезең-кезең бойынша әр оқушы өз білімін сынады. Әр өңірдің білімді өрендері бақ сынаған сайыста Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының 5-сынып оқушысы Ақбөбек Теңелбай 1-орынға ие болды. Бұл туралы Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Қалбибі Бекқалина мәлім етті.
«Мектебімізде білім алып отырған шәкірттеріміз биіктерден көрінсе, бұл біз үшін үлкен мәртебе. Ауданымыздың мақтанышына айналып, қуантып  отырған №5 орта мектептің 5 сынып оқушысы Теңелбай Ақбөбек Қазақстан Тарихы пәнінен облыстық жеңімпаздардың арасынан білімнің тізгінін алға тартып, Республикадан I орынды иеленді. Ақбөбектің ата-анасына, алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан алғашқы ұстазы Қарлығаш Абдуллаева, пән мұғалімі Толқын  Құдайбергенова алғысымды  білдіремін» деді Қалбибі Бекқалина.

14 қаңтар 2021 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 054
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 271

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031