» » Қызылордада 15 мыңға жуық тұрғынның салықтық өсімпұлы кешірілді

Қызылордада 15 мыңға жуық тұрғынның салықтық өсімпұлы кешірілді



Жалпыға бірдей декларацияға көшудің алғашқы кезеңін жүзеге асыру аясында қызылордалық 17 мыңдай мемлекеттік қызметкер жеке табысын жария етуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».
Лауазымды тұлғалардың жұбайлары да дүние-мүлкін жасырмай көрсетуге міндетті. Егер олардың шетелде қаржылай шоты бар болса, жарты жыл ішінде жауып үлгергендері дұрыс. Талап орындалмаса, айыппұл салынады. Өңірде кәсіпкерлер үшін бөлшек салық мөлшері төмендетілді. Сондай-ақ салықтық рақымшылық мүмкіндігін пайдаланған 15 мыңдай жеке тұлғаның 50 миллион теңгеден астам өсімпұлы кешірілді.
Биылдан бастап мүлік және жер салығын төлеу жүйесі біріктірілді. Яғни есептелуі бөлек жүргізілгенімен төлем тәсілі ортақ болмақ. Бұл тұрғындардың қазіргі таңда қордаланған 500 миллион теңгедей қарызын тезірек жинауға септігін тигізбек. Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандары үшін бөлшек салық төлеу түрінде ерікті арнаулы салық режимі енгізілді. Яғни табыстан алынатын бөлшек салық мөлшері азайтылды. 
«Бұрын-соңды олар бухгалтерлік есеп жүргізіп, кіріс-шығысын анықтап таза табысының 10% салық төлейтін болса, оларға тоқсан сайын жалпы бөлшек саудадан түскен табысының 3% мөлшерінде салығын төлеп пандемиядан ертерек аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік беріп отыр», – дейді облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов.
Жартылай дайындалған өнімдер шығарумен айналысатын кәсіпкер Әлия Ахметжанова салықтық жеңілдіктер арқасында карантинде өндірісті тоқтатпады. Бір айда 15 тоннадай ет өңдеп, 20 түрлі жартылай фабрикат әзірлейтін цехтың 40 жұмысшысы жалақыдан да қысылған емес.
«Салық комитетіне жылда төлейтін 1 млн теңгені қазір біз өндірісті дамытуға жұмсап отырмыз. Ол үлкен бізге көмек болды. Үлкен мақсаттарымызды қойып жатырмыз. Бүкіл қаражатты өндірісті дамытуға жұмсауға үміттеніп отырмыз», – кәсіпкер Әлия Ахметжанова. «Кәсіпкердің саны мен жалдамалы жұмысшылар саны көбейіп, кіші бизнестен әрі қарай орта, ірі кәсіпкерге өтуіне үлкен септігін тигізіп жатыр. 23 мың кәсіпкердің қазіргі таңда бюджетке 2 млрд теңгеден астам кезінде салық төленсе 2020 жылы сол 2 млрд теңгеге өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндіктер тиісті мораторий арқасында жұмыс жасалды», – дейді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.  Қамбар Бекенов, тілші: –
2018-2019 жылдары банктен қаржы шешу бойынша сырбойылықтар республикада алдыңғы орында болған. Бұл қызылордалықтардың қаражатты қолма-қол жұмсағанды жөн санайтындығын көрсетеді. Былтыр ол 56% төмендеп, электрондық ақша айналымы арта түсіпті. Салық мамандары енді осы жүйені жетілдіруді жоспарлап отыр. Жалпы өткен жылы өңірде салық түсімдері 107% орындалып, қазынаға 9 миллиард теңге артық жиналған.


11 қаңтар 2021 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 407

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 483

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930