» » Тоқаев 2 миллион теңгеден көп табыс табатындарға салықты арттыру керегін айтты

Тоқаев 2 миллион теңгеден көп табыс табатындарға салықты арттыру керегін айтты

Билік бұл өзгеріс «конвертпен жалақы төлеу ісін» азайтады деп үміттенеді.

Тоқаев 2 миллион теңгеден көп табыс табатындарға салықты арттыру керектігін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 мамырда Алматыдағы сапары кезінде жеке табыс салығының үдемелі шкаласына көшу туралы мәлімдеме жасап, айына 2 миллион теңгеден жоғары (4750 доллардан жоғары) табыс табатындарға салық артатынын айтты, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
«Менің түсінігімде, егер азамат 250-300 мың теңге (720 доллардай) табыс тапса, ол 10 пайыз салық төлеуге міндетті емес. 7 пайыз төлеуі мүмкін. Орта тапқа келетін болсақ, 2 миллион теңгеге дейін табатындар үшін 10 пайыз салық қалатын шығар. Ал 2 миллион теңгеден жоғары табысы барлар 10 пайыздан жоғары салық төлегені дұрыс сияқты. Шамамен 13-15 пайыз. Оның межесін енді комиссия шешеді. Бірақ, салық 15 пайыздан жоғары болмайды», - деді президент.
Қазақстанда заңға сай жұрт табысына қарамай айлығының он пайызын салыққа төлейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда мемлекеттік комиссия отырысында «әділдік үшін жеке табыс салығының үдемелі шкаласын енгізу керегін» айтқан. Билік бұл өзгеріс «конвертпен жалақы төлеу ісін» азайтады деп үміттенеді.
Экономика министрінің орынбасары Мади Такиев «табыс салығының үдемелі шкаласын арнайы жұмыс тобы анықтайды» деп мәлімдеді.
«Салық мөлшері ашық талқыланады. Жұмыс енді басталды. Табыс көлемі, салық шкаласы әлі анықталған жоқ. Оны қоғаммен ақылдасамыз. Барлық шынайы ақпарат жұмыс тобынан тарайды, қалғанының бәрін фейк деп қабылдау керек», - деді ол.
2007 жылға дейін Қазақстанда үдемелі салық шкаласы болған. Кейін бұл жүйені жойып, бәріне ортақ салық мөлшері белгіленген. Ол кезде де билік «бұл жүйе жұрттың жасырын табысын ашады» деп мәлімдеген еді.


13 мамыр 2020 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031