Салықтық амнистия: тәртібі, күтілетін нәтиже және берешектерді өндіру бағытындағы заңнамалық өзгерістер
Қазақстанның тәуелсіз тарихында (1997-1999 жылдары, 2011 және 2015 жылдары) бизнес субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметін сауықтыру үшін өсімпұлды және айыппұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізілді.
2019 жылы жүргізілетін салықтық рақымшылық бойынша нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28-желтоқсандағы №210-VІ ҚРЗ Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген тиісті толықтырулармен бекітілді.
Осылайша, Мемлекет Басшысымен 2018 жылғы 28-желтоқсанында қол қойылған Заң 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Осы Заңға сәйкес, салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1-қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді.
2019 жылдың 21-қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» №39 бұйрығы жарияланды.
Өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару тәртібі
1) 2018 жылғы 1 қазанынан бастап, төлеген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығарады.
2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі төленген салықтың сол түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, ӘҚБтК сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыпұл сомасын есептен шығарады.
3) 2018 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайларда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығарады.
3.1) 2018 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайда салық төлеуші 2018 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзгерген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы еркін нысандағы өтінішті мемлекеттік кірістер органға ұсынады.
3.2) Салық кодексінің 49-бабы 7-тармағымен қарастырылған оларды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындалу мерзімін өзгерту кезінде салықтарды және (немесе) төлемдерді уақытылы төлемегені үшін салық төлеушіні босату жағдайын қоспағанда, 2018 жылғы 1-қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі мерзімде төленген кезеңде 2018 жылғы 1-қазанындағы жағдай бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтық міндеттеменің төленген сомасына есептелген өсімпұл сомасыда есептен шағарылуға жатады.
3.3) 2018 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі оңалту жоспарын немесе осындай жоспарға өзгертулер мен толықтырулар бекіту туралы заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайларда салық төлеуші еркін нысандағы өтінішті (мұнан әрі – өтініш) мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
3.4) Салықтық міндеттемелердің толық көлемде орындалуына байланысты оңалту жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды күшіне енген сот актісінің деректері көрсетілген өтініш еркін нысанда жолданады.
3.5) Салықтың немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша төленген салықтық міндеттемелерді мерзімнен бұрын толық көлемде орындау фактісі расталған кезде өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы Шешім шығарады, тиісінше лауазымды тұлғалар Комиссия ұсынған салық төлеушілерді ескере отырып үш жұмыс күні ішінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы қаулыны шығару жолымен ӘҚБтК-ның 889-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданудан салық төлеушіні босатады және қаулының орындалуын қысқартады.
Жалпы, салықтық рақымшылық кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді тетігі болады және негізгі салықтарды төлеуге жақсы мүмкіндік береді деп күтілуде.
Рахымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі салық қарызын төлеген жағдайда, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады.
О.ҚҰЛҚАТОВ,
Қармақшы ауданы бойынша
МКБ-ның бөлім басшысы.