» » 42500 теңгеге салық салынбайды

42500 теңгеге салық салынбайды

Шектеу шаралары уақытында кірістерін толығымен жоғалтқан кәсіпкерлерге мемлекетпен төленуге жататын 42500 теңге әлеуметтік төлемдер салық салынатын кірістер ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттің әлеуметтік төлемдері оңайлатылған декларация және патент құнын есептеу бойынша салықтық есептілігінде көрсетілмейді. Бұндай төлемдер Салық кодексінің 681 бабының 2 тармағымен белгіленген кірістер тізбесінде кәсіпкерлік қызметін атқару нәтижесінде алынған кірістер ретінде қарастырылмайды. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға сияқты, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдану кезінде де әлеуметтік төлем қарастырылмайды. Осылайша, әлеуметтік төлем сомалары, Салық кодексінің 341 бабының 26) тармағына сәйкес, жеке тұлғаның салық салуға жататын кіріс ретінде қарастырылмайды. Сәйкесінше, 42500 теңге көлеміндегі төлемді салықтық есептілігінде көрсетудің қажеті жоқ, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде төленген әлеуметтік төлем сияқты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетінін ескерту қажет.

Сонымен, МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге тағайындалған және төленген әлеуметтік төлем салықтық есептілікте кіріс ретінде көрсетілмейді, және оның жеке тұлғаның табысы ретінде салық салуға жатпайды.

29 шілде 2020 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30